^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 6 сәуір 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда профилактикалық және эпидемияға қарсы қосымша шектеу шараларын енгізу туралы
25 наурыз 2020

Адамдардың жаппай жиналуын және Алматы қаласының аумағында короновирустық инфекцияның (COVID-19) таралуын болдырмау үшін Алматы қаласының Жедел штабы ҚР Президентінің жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік комиссияның келісімімен ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап, бұрын белгіленген шектеулерді сақтай отырып, қосымша шектеу шараларын енгізу туралы шешім қабылдады.

 

Осылайша, төтенше жағдай аясында, карантин режимі кезеңінде Алматы қаласында ағымдағы жылдың 26 наурызынан бастап қоса алғанда келесі сауда және қызмет көрсету нысандарының жұмысы тоқтатылуы тиіс:

- азық-түлік емес сауда орындары (2000 шаршы метрден кем), жеке тұрған азық-түлік емес дүкендер, сондай-ақ автосалондар, авто қосалқы бөлшектер сататын салондар және гүл павильондары;

- қызмет көрсету саласының нысандары: химиялық тазалау, кір жуу орындары, фотоателье, фотосалондар, оптика, ломбард, жылжымайтын мүлік агенттігі, көлік жуу, техникалық қызмет көрсету станциялары;

Сондай-ақ санитарлық-эпидемияға қарсы шараларды күшейте отырып қоғамдық тамақтану нысандарында «клиенттерге жеткізіп беру» қағидасы (22.00-ге дейін) бойынша осыған дейін бекітілген жұмыс тәртібі сақталады.

Сонымен бірге мынадай нысандар жабылды:

- азық-түлік сатпайтын сауда базарлары;

- азық-түлік пен дәрі-дәрімек сататын нысандарды қоспағанда, ірі сауда ойын-сауық орталықтары, сауда үйлері, олардың аумағында және жеке орналасқан кинотеатрлар, балалар орталықтары, кез-келген басқа көңіл көтеретін орталықтар (бильярд залдары, караоке, боулинг орталықтары, компьютер және интернет-клубтар және басқалары);

- кейбір қызмет көрсету нысандары: сұлулық салоны, шаштараз, массаж кабинеттері, моншалар, сауналар, СПА орталықтары, аквапарктер, бассейндер, солярий (күншуақ), тир ататын атыс алаңдары, фитнес-залдар, жаттығу залдары, сондай-ақ, йогамен айналысатын залдар, спорт клубтары және басқалары.

Сонымен қатар, қалада азық-түлік тауарларын, дәрі-дәрмек препараттарын сататын нысандар және жоғарыда аталған шектеулер қолданылмайтын басқа да объектілер жұмысын жалғастыруда.

Бұл шаралардың барлығы Алматыда қозғалыс белсенділігін төмендету арқылы қала тұрғындарын COVID-19 вирусын жұқтырудан барынша қорғауды күшейтуге бағытталған. Сонымен бірге COVID-19 таралуын болдырмау бойынша шет елдердегі сәтті мысалдар ескерілді.

Алматы қаласының әкімдігі қаланың барлық тұрғындары мен компанияларын санитарлық және дезинфекциялық шараларды сақтай отырып, барынша оқшаулануға және қашықтан жұмыс істеу режиміне көшуге шақырады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматыда тұрғын үй қорын дезинфекциялау қарқынды жүргізілуде »»
06 сәуір 2020 - 10:19
Аптасына екі рет көппәтерлі тұрғын үйлерің әр кіреберісі мен аула аумақтары залалсыздандырылады.   Айта кету керек, төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі Жедел штабтың шешімімен 25 наурыздан барлық жердегі тұрғын үй қорын дезинфекциялауды арнайы компаниялар жүргізе бастады. Қалалық Тұрғын үй саясаты басқармасында атап өткендей, бұл жұмысқа тартылған барлық мердігерлік ұйымдардың тиісті біліктілігі бар, штаттық құрамы жеткілікті және толығымен жабдықталған. Бұл құралдар вирустың қоздырғыштарына, ж...
Қала әкімдігі жұмыссыз режимнің 13 сәуірге дейін ұзартылғанын еске салады »»
05 сәуір 2020 - 21:15
5 сәуірге дейін ұйымдардың жұмысын уақытша тоқтату туралы шешім кейінге шегерілді. Енді қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етпейтін барлық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін жұмыссыз режим 13 сәуірге дейін ұзартылды.   Мұндай шешімді ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия қабылдады. Бұл режим адамдар мен жеке көліктің қала ішінде қажеттіліксіз жүріп-тұруына тыйым салуды көздейді. Азық-түлік пен дәрі-дәрмекті алуға тұрғылықты жерге жақын орналасқан дү...
Б. Сағынтаев жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысын бастауға пәрмен берді »»
04 сәуір 2020 - 17:34
Бүгін Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев 280 орынға жоспарланған, провизорлық госпитальдың құрылысы басталған алаңға барып, ондағы жұмыстармен танысты.   Госпиталь салу туралы шешімді коронавирус инфекциясына қарсы күрес мақсатында құрылған ҚР Президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету туралы Мемлекеттік комиссия қабылдаған болатын. Тез салынатын блокты құрылыс жабдықтарымен бой көтеретін нысан 280 орынға арналған, оның ішінде 28-і интенсивті терапия бөлімшесіне тиесілі. Құры...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56