^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 2 маусым 2020
 
     
 
Жаңалықтар
«Алматылықтар үйінде»: Алматы тұрғындарының өзін-өзі оқшаулау деңгейі 5 балдық көрсеткіш бойынша 4,4 балды құрады
01 сәуір 2020

Алматыда «Сергек» жүйесі мен оның берген мәліметтерін қолдана отырып, көшелердегі көлік кептелісінің қорытындысымен бірге алматылықтардың өзін-өзі оқшаулау деңгейі анықталуда.

 

2020 жылдың 11 наурызынан бастап Алматы жолдарындағы көліктер саны 80 пайызға дейін азайған болатын. Ол «Сергек» жүйесіндегі карантинге дейінгі қалыпты жұмыс күні мен төтенше жағдай енгізіліп, карантин басталғандағы қалалық трафиктің деректерін салыстыру арқылы анықталған.

Тұрақтандырылған «5» деген баға – қалада мүлдем машина жоқ дегенді білдіреді. Қалыпты жұмыс күні балл «0,5» -ке тең. «0» деген баға – көлік кептелісін білдіреді. Карантин кезінде қалалық қызметтік, полиция, жедел жәрдем, азық-түлік жеткізу және т.б. қызметтік көлік қозғалысын есепке алсақ, ең жоғары бал «4,8»- ге жетуі мүмкін. Кешенді шаралар мен алматылықтардың жауапкершілігінің арқасында қаладағы белсенділікті төмендетуге және азаматтардың өз-өзін оқшаулауын 4,4 баллға дейін арттыру мүмкін болды.

Өзін-өзі оқшаулау деңгейі – бұл «Сергек» және «Яндекс» қызметтерінің деректері бойынша есептелген көрсеткіш.


  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Б. Сағынтаев алматылықтарды Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтады »»
01 маусым 2020 - 15:58
Алматы әкімі өскелең жас ұрпақты тәрбиелеу мен олардың мүдделерін қорғау қоғам мен мемлекеттің басты міндеттері екенін атап өтті.   Бақытжан Сағынтаев Twitter әлеуметтік желісіндегі өзінің аккаунтында Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтауын жариялады. «Бала – отбасының бақыты, оның мызғымас тірегі. Бүгінде тәрбие мен отбасылық құндылықтарды нығайту қоғам мен мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Әр баланың дені сау, бақыт құшағында өсуі үшін бәрін жасаймыз», - деп жа...
Алматының теміржол вокзалдары жұмыстарын бастайды »»
01 маусым 2020 - 13:37
2020 жылдың 1 маусымынан бастап карантин шараларының бәсеңдеуіне байланысты қалааралық жол қатынастары жанданады, соның ішінде поездар жүре бастайды. Билеттерді сату 15 мамырдан қолға алынған болатын. Сондықтан Алматы-1 және Алматы-2 теміржол вокзалдары жұмыстарын бастайды.   Айта кетерлігі, коронавирус пандемиясы жағдайында «Алматыэлектротранс» ЖШС санитарлық қауіпсіздіктің барлық шараларын қатаң сақтайды. - Коронавирус пандемиясы барысында теміржол вокзалдары қалай жұмыс істейтін болад...
Алматының қоғамдық көлігі 1 маусымнан бастап өзінің ежелгі режиміне көшеді »»
01 маусым 2020 - 11:00
1 маусымнан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде метрополитен сағат 6.00-дан түнгі сағат 23.00-ге дейін жұмыс істейді. Сонымен қатар, қала маңына қатынайтын барлық бағыттар іске қосылады. Айта ктерлігі, қалада карантин одан әрі жалғасады, сондықтан қоғамдық көлікке мінетін жолаушылар маскалық  режим мен санитарлық нормаларды қатаң сақтаулары тиіс....
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz