^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев алматылықтарды карантин ережелерін сақтауға шақырды
21 мамыр 2020

Бүгін Жетісу ауданына жұмыс сапары барысында Алматы әкімі Б.Сағынтаев тұрғындарға карантин ережелерін сақтауды ұсынды.

 

Жаяу жүргіншілер аймағын абаттандыру жүргізіліп жатқан нысандардың біріне барған кезінде аудан тұрғындары қала әкіміне инфрақұрылымды жақсарту бойынша өз тілектерін білдірді. Алайда олардың кейбірі медициналық маскасыз болды.

Бақытжан Сағынтаев қалада коронавирус бойынша карантин әлі алынбағанын, жұқтыру қаупі бар екендігін еске салды.

"Медициналық маскаларды кию керек, сонымен қатар көшеде, дүкенде немесе дәріханада әлеуметтік қашықтықты сақтау қажет. Сіздің өзіңіздің және жақындарыңыздың саулығы осыған байланысты. Сондықтан жауапкершілік таныту керек", - деді Б.Сағынтаев қала тұрғындарына.

Жұмыс сапары барысында қала әкімі жөндеу жүргізіліп жатқан балабақшаны аралап көрді. Ол балабақша әлі ашылмай тұрып балалардың санитарлық қауіпсіздігін қамтамасыз ету алгоритмін дайындауды тапсырды.

"Біз балаларды ауру қаупінен сақтауымыз керек", - деп атап өтті Алматы әкімі.   Қақпадан бастап жатын бөлмелеріне дейін барлығын қарастыру қажет. Ата-аналар мен балалар әлеуметтік қашықтықты, үстелдерді, кереуеттерді де қауіпсіз қашықтықта сақтауы тиіс. Кіреберістер дезинфекцияланып, термометрия қамтамасыз етілуі керек.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


26 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
26 мамыр 2020 - 11:14
Кіреберістер мен аулалар бойынша 25 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 447 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75750 литр дайын ерітінді қолданылды. 26 мамырдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 25 мамыр күні 5123 мың шаршы метр көше, оның ішін...
2020 жылдың 26 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
26 мамыр 2020 - 10:29
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Байтұрсынов – Мақатаев – Сейфуллин – Райымбек – Байзақов – Гоголь – Әуезов көшелерінің аумағы.   Алатау ауданы бойынша: Атлетикалық ауыл, Нұркент, АЗТМ-Алғабас, Ақкент, Ақбұлақ, Алғабас – Теректі.   Әуезов ауданы бойынша: 8, 9, 10, 10А, 11 ш/а., Таугүл, Таугүл-1, 2 ш/а. Навои, Тотабаев, 2-ші, Вишневский, Карпинский, Щепкин, Пятницкий, Ладыгин, Сүлейменов, Рысқұлбеков, Жандосов, Жазылбек, Асқаров, Мұстай Кәрім, Цветоч...
Сағынтаев алматылық мектеп түлектерін құттықтады »»
25 мамыр 2020 - 16:33
Бақытжан Сағынтаев мектеп бітірген алматылық түлектерді құттықтады. Әкім құттықтауын Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады.   Алматы әкімі 9299 мектеп түлегінің үлкен өмірге қанат қаққанын атап өтті. Соның ішінде 545 түлек – «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында мектеп директорлары мен ұстаздардың осынау естен кетпес сәттің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz