^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
2020 жылдың 22 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы
22 мамыр 2020

Кіреберістер мен аулалар бойынша

21 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды.

Дезинфекция жұмыстарына 449 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 73 490 литр дайын ерітінді қолданылған.

22 мамыр жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды.

Жұмысқа 450 адамы бар 64 бригада тартылды.

 

Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша

21 мамыр күні 4 855 мың шаршы метр көше, оның ішінде 688 сауда нысандарының, 31 медициналық мекемелерінің, 2 қызмет көрсету нысандарының (Алатау ауданы– 65, Алмалы ауданы – 99, Әуезов ауданы – 32, Бостандық ауданы – 32, Жетісу ауданы – 100, Медеу ауданы – 75, Наурызбай ауданы – 66, Турксіб ауданы - 237) кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары, 833 мың шаршы метр тротуарлар және 1193 басқа да нысандар, 243 контейнерлік алаң мен 1188 контейнер өңделді. Аталған жұмысқа барлығы 85 дезинфектор тартылды.

Көшелер мен тротуарлар, сауда нысандарының, медициналық мекемелерінің, қызмет көрсету нысандарының (кіре берістері, кірмелері, іргелес жатқан аумақтары) көше жәшіктері және одан басқа нысандарды (орындықтар, аялдамалар, жерасты және жерүсті жаяу жүргіншілер өткелдерін) жуу және дезинфекциялау үшін:

– 145 бірлік арнайы техника (оның ішінде дезинфекцияға арналған 75 бірлік);

– 1188 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор).

550 мың литр ерітінді пайдаланылды (жұмыс басталғаннан бері барлығы – 20 164 мың литр ерітінді қолданылған).

Сонымен 689 контейнер алаңына дератизациялау жұмыстары жүргізілді. Жұмыс кестеге сәйкес жалғасуда. 8 бригада, 40 дератизатор жұмылдырылды.

Бір тәулік ішінде шығарылған қоқыс көлемі 1250 тоннаны құрады.

22 мамыр күнгі жоспарлы жұмыстар:

– 149 бірлік арнайы техника (оның ішінде 73 бірлік дезинфекцияға);

– 1207 жол жұмысшысы (оның ішінде 136 дезинфектор).

Контейнерлік алаңдарды өңдеуге 12 бригада, 85 дезинфектор, 8 бригада және 40 дератизатор жұмылдырылды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


26 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
26 мамыр 2020 - 11:14
Кіреберістер мен аулалар бойынша 25 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 447 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75750 литр дайын ерітінді қолданылды. 26 мамырдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 25 мамыр күні 5123 мың шаршы метр көше, оның ішін...
2020 жылдың 26 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
26 мамыр 2020 - 10:29
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Байтұрсынов – Мақатаев – Сейфуллин – Райымбек – Байзақов – Гоголь – Әуезов көшелерінің аумағы.   Алатау ауданы бойынша: Атлетикалық ауыл, Нұркент, АЗТМ-Алғабас, Ақкент, Ақбұлақ, Алғабас – Теректі.   Әуезов ауданы бойынша: 8, 9, 10, 10А, 11 ш/а., Таугүл, Таугүл-1, 2 ш/а. Навои, Тотабаев, 2-ші, Вишневский, Карпинский, Щепкин, Пятницкий, Ладыгин, Сүлейменов, Рысқұлбеков, Жандосов, Жазылбек, Асқаров, Мұстай Кәрім, Цветоч...
Сағынтаев алматылық мектеп түлектерін құттықтады »»
25 мамыр 2020 - 16:33
Бақытжан Сағынтаев мектеп бітірген алматылық түлектерді құттықтады. Әкім құттықтауын Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады.   Алматы әкімі 9299 мектеп түлегінің үлкен өмірге қанат қаққанын атап өтті. Соның ішінде 545 түлек – «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында мектеп директорлары мен ұстаздардың осынау естен кетпес сәттің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz