^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 27 мамыр 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әкімі тұрғын үй және әлеуметтік нысандар құрылыстарының қарқынымен танысты
22 мамыр 2020

Бүгін қала әкімі Б. Сағынтаев «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынып жатқан тұрғын үйлер құрылыстарының қарқынымен және Алматының Наурызбай ауданындағы әлеуметтік мақсаттағы нысандар құрылыстарының барысымен танысты.

 

Жұмыс сапары барысында Б. Сағынтаев 1440 пәтерлі 20 үй құрылысының алғашқы кезеңі салынып жатқан Шұғыла тұрғын кешенінің құрылыс алаңында болды. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша инженерлік коммуникациялар жүргізілді.

Қала әкімі құрылыс жұмыстарының сапасымен танысты және әлеуметтік инфрақұрылымдардың қадамдық қолжетімділігіне, аумақты абаттандыру мен көгалдандыруға айрықша назар аударуды тапсырды. Қаланың батыс бөлігінде тұрғын үй құрылысы көлемінің артуына орай жолдардың өткізу қабілетін жоспарлауға қатыстысты бөлек тапсырма берілді.

«Жайлы жағдай жасау – "Шетсіз қала" қағидатының басты мақсаты, оның аясында коммуналды инфрақұрылымдарды және аймақтарды абаттандыру бойынша ауқымды модернизациялау басталды», — деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында «Шұғыла» ТК тұрғындарының өтініші бойынша пайдалануға берілген 14 үйге газ берілген еді, сол жылдың қараша айында осы тұрғын кешенінің тағы 16 үйіне газ тартылды. Сонымен қатар аулалар абаттандырылды.

Ауданда шамамен 1,5 мың оқушы орны жетіспейді. Ағымдағы жылдың соңында бүгінгі күні жүктемесі екі есе артқан №186 мектептің жанынан 600 орынды қосалқы нысан салу жоспарланған. Сонымен қатар, Қалқаман ықшамауданында 1200 орынды және Шұғыла ықшамауданында 1500 орынды мектептер салу жоспарланған. Ақжар және Таусамалы ықшамаудандарында әрқайсысы 120 орынды бала бақшаларды күзде пайдалануға беру жоспарланған. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында заманауи спорт және балалардың ойын алаңдары салынды.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


26 мамыр күнгі жағдай бойынша жалпыға ортақ қоғамдық орындардың дезинфекциясы туралы »»
26 мамыр 2020 - 11:14
Кіреберістер мен аулалар бойынша 25 мамырға жоспарланған 7877 кіреберіс (2860 үйде) және 1318 аула аумағы 100% залалсыздандырылды. Дезинфекция жұмыстарына 447 адам, яғни 64 бригада жұмылдырылды. Жұмысқа 75750 литр дайын ерітінді қолданылды. 26 мамырдағы заласыздардырудың екінші күні жоспар бойынша 3038 үйдің 8363 кіреберісі мен 1440 аула залалсыздандырылды. Жұмысқа 447 адамы бар 64 бригада тартылды. Көшелер мен тротуарларды жуу және дезинфекциялау бойынша 25 мамыр күні 5123 мың шаршы метр көше, оның ішін...
2020 жылдың 26 мамыры күнгі Алматы қаласындағы көпқабатты тұрғын үйлерді дезинфекциялау кестесі »»
26 мамыр 2020 - 10:29
Алмалы ауданы бойынша: Абай – Байтұрсынов – Мақатаев – Сейфуллин – Райымбек – Байзақов – Гоголь – Әуезов көшелерінің аумағы.   Алатау ауданы бойынша: Атлетикалық ауыл, Нұркент, АЗТМ-Алғабас, Ақкент, Ақбұлақ, Алғабас – Теректі.   Әуезов ауданы бойынша: 8, 9, 10, 10А, 11 ш/а., Таугүл, Таугүл-1, 2 ш/а. Навои, Тотабаев, 2-ші, Вишневский, Карпинский, Щепкин, Пятницкий, Ладыгин, Сүлейменов, Рысқұлбеков, Жандосов, Жазылбек, Асқаров, Мұстай Кәрім, Цветоч...
Сағынтаев алматылық мектеп түлектерін құттықтады »»
25 мамыр 2020 - 16:33
Бақытжан Сағынтаев мектеп бітірген алматылық түлектерді құттықтады. Әкім құттықтауын Facebook-тағы өзінің парақшасында жариялады.   Алматы әкімі 9299 мектеп түлегінің үлкен өмірге қанат қаққанын атап өтті. Соның ішінде 545 түлек – «Алтын белгі» иегері, 714 оқушы оқу озаты атанды. Биыл мектептерде соңғы қоңырау алғаш рет онлайн түрде соғылды. Бақытжан Сағынтаев өзінің құттықтауында мектеп директорлары мен ұстаздардың осынау естен кетпес сәттің сән-салтанатын келістіріп, сезіндіру ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz, kancelaria@a-a.kz