^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Маскалық режим және карантин шараларын сақтау туралы
27 мамыр 2020

Алматы әкімі Б. Сағынтаев БАҚ үшін болған брифингте қаланың санитарлық-эпидемиологиялық жағдайын тұрақтандыру шаралары және санитарлық қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы айтты.

 

Төтенше жағдай кезінде өзін-өзі оқшаулау мен карантиндік шараларды іске асыру жұртшылықтың індетті жаппай жұқтыруына тосқауыл болды, соның арқасында қалалықтар арасында ауыр зардаптар орын алған жоқ.

Індеттен сақтануға ықпал ететін маскаларды көшеде кию жұқтыру тәуекелін азайтады. Сонымен қатар, ДДҰ мәліметі бойынша адамдар минутына орта есеппен 3-5 рет бетін байқаусызда таза емес қолымен ұстайды екен. Ал оның қолында вирустың болуы әбден мүмкін.

Жабық нысандарда болғандардың барлығы міндетті түрде маска киюлері тиіс. Олар — дәріханалар, дүкендер, офистер, медұйымдар, ХҚКО, қоғамдық көлік, COVID-19 қаупі бар жанға көмек көрсеткен кезде міндетті түрде маска киген жөн.

Құрамына Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылайтын Департаменттің аудандық басқармаларының мамандары енген мобильді топтар карантин режимін бұзған нысандарды анықтау үшін сол жерлерге барып, мониторинг жүргізеді. Бүгінгі күнге дейін біздің мамандарымыз уақытша карантин талаптарын (масканың, санитайзердің, болмауы, әлеуметтік қашықтықтың сақталмауы және басқалары) сақтамаған азық-түлік нысандарына 69 әкімшілік айыппұл салды және қоғамдық тамақтану орындарына 2 әкімшілік хаттама толтырды және олар сотқа жіберілді.

Өздеріңіз білесіздер, азық-түлік емес дүкендер құрамына әкімдіктің, СЭҚ-тің, «Атамекен» РКП қызметкерлері енген жұмыс тобы олардың дайындығын тексеріп, өз бағаларын бергеннен соң ғана ашылады.

Бұл нұсқаулықтың орындалуын жоғарыда аталған жұмыс тобы бақылайды.

Бұлардан өзге, санитарлық-эпидемиологиялық ережелер сақталмаса сауда орталығының әкімшілігі жауапқа тартылады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz