^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев қалалықтарға әлеуметтік қолдау көрсету шаралары туралы айтты
27 мамыр 2020

Қала әкімі Б. Сағынтаев онлайн баспасөз конференциясы барысында төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік қолдауға мұқтаж қалалықтарға қолдау көрсету шаралары туралы айтты.

 

Президент Қ.-Ж. Тоқаевтың берген тапсырмасына сәйкес ТЖ енгізілуіне орай табыстарынан айрылған жандарға ең төмен көлемдегі бір айлық жалақы (42 500) ай сайын берілді, аз қамтылған адамдар санатына жататындардың коммуналдық қызметтері төленді.

440 мыңнан астам алматылық 42 500 тг көлемінде қаржылық көмек алды. ТЖ жағдай барысында 898 136 өтініш қабылданды, форматты-логикалық бақылауға сәйкес келмегендіктен қалған өтініштер қайтарылды.

Коммуналдық қызметтерді төлеуге 2,1 млрд тг бөлінді, олардың 30,4 мыңы мақұлданып, 456 млн тг төленді. Осы көмекті алу үшін алматылықтардан 198 мың өтініш түсті.

Бірінші кезекте әлеуметтік қолдау мүгедектерге, ҰОС қатысушыларға, оларға теңестірілген отбасыларға, мүгедек баланы тәрбилеп отырғандарға, көпбалалы отбасыларға, ең төмен зейнетақы алатындарға, жалғызбасты зейнеткерлерге, сонымен қатар АӘК алатын азаматтарға көрсетілді.

Осы қиын сәтте қала тұрғындарына қоғамдық қорлар және Nur Otan партиясы айтарлықтай көмек көрсетті, мұқтаж жандарға азық-түлік себеттері таратылды. «Жаңа Алатау» ҚҚ азық түлік себеттерін апарып берді. «Birgemiz» қоры 52,1 мың адамға 2,6 млрд тг бірретік көмегін көрсетті.

Әкімдік деңгейінде 1,9 млрд теңгенің қосымша әлеуметтік шаралары қарастырылды. Қарт адамдар мен жалғызбасты зейнеткерлерге ыстық тағамдар берілді. 27 наурыздан бастап күн сайын 819 зейнеткерге жалпы сомасы 33,6 млн тг көлемінде ыстық тамақ жеткізілді. Әлеуметтік жағынан мұқтаж 7 мың адам жалпы сомасы 75 млн тг санитарлық заттармен қамтамасыз етілді. 40 мың адамға 2 млн медициналық маска таратылды.

Баспасөз конференциясы барысында Б. Сағынтаев салынып жатқан әрі әлеуметтік жағынан аз қамтылған жандарға көмек көрсететін орталық туралы да айтып өтті. Әлеуметтік қызмет үйі – бұл «бір терезе» қағидасы бойынша жұмыс істейтін орталық және аталған санаттағы адамдарға кең көлемде қызмет көрсететін болады. Жобаны ағымдағы жылдың соңында іске қосу жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz