^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Сағынтаевтың онлайн-қабылдауында қалалықтар мәселелердің цифрлық шешімдерін ұсынды
28 мамыр 2020

Бүгін Алматы әкімі Б. Сағынтаев онлайн- қабылдау өткізді, оның барысында алматылықтар білім, денсаулық сақтау  мен  қала шарушылығы жүйесінің жұмыстарын жандандыруда АТ-технологияны пайдалануды ұсынды.

Бақытжан Сағынтаев өзінің жеке Instagram  парақшасында айтып өткендей, онлайн-қабылдау бірінші кезекте қалалықтар үшін  қолайлы. Қабылдауға жазылғандар жол жүруге және кезекке тұруға уақыттарын текке жібермейді.


Қабылдау барысында білім, денсаулық сақтау және цифрлық технология бойынша бірқатар ұтымды ұсыныстар түсті.


Әкім хабарлағандай, Қ. Сәтбаев атындағы ҚҰТЗУ-нің химия және биология институтының директоры З. Түйебахованың білім сапасын жақсартуға методологияны  енгізу жөніндегі ұсынысы назарға алынатын болады.


«Сонымен қатар диабетикалық ағарту Қорының басшысы Н. Тукалевскаяның балалар мен ересектердің диабет мектебінің жұмысын жандандыру жөніндегі ұсынысы да маңызды», - деп жазды Алматы әкімі Б. Сағынтаев.


Қала әкімі Алматының жасанды интеллект зертханасының директоры Д. Жүсіповтың ишемикалық инсульттан соң невралгиялық жетіспеу салдарынан болатын мүгедектің деңгейін төмендететін және санын азайтатын инсульт диагностикасын ерте анықтау жөніндегі пилотты жобасын жүзеге асыруды өзінің жеке бақылауына алатынын атап өтті.


Тағы бір қала тұрғыны - «Ассистент.кз» компаниясының директоры Р. Түбекбаев қаланың әлеуметтік сала ұйымдарына онлайн-бухалтерияны енгізуге дайын екенін айтты.


«Ақпараттық технология қоғамдастығын әлеуметтік саланың, ШОБ-тің, көлік және ТҮКШ процесстерін оңтайландыруға көмектесетін өздерінің нәтижелі  жұмыстарын белсенді  ұсынуға шақырамын», - деді Б. Сағынтаев өңдеушілер мен бағдарламашыларға.


Театр қайраткері А. Боранбай репетиция жасауға орын таба алмай жүрген жеке театрлар актерлерінің мәселесін көтерді. Оған берген жауабында қала әкімі қала алаңдарынан орын беру мүмкіндігін қарастыратынын айтты.


Болашақта Алматы қайраткерлерін қолдаудың барлық шаралары креативті индустрияны дамыту бағдарламасы аясында көрсетілетін болады.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz