^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматылық меценаттар мен волонтерлар «Халық алғысы» медалімен марапатталды
23 маусым 2020

Республикалық Biz Birgemiz онлайн-форумының барысында COVID-19-бен күресте ерекше белсенділік танытқандардың еңбектері аталып өтті, олардың арасында дәрігерлер, полиция қызметкерлері, волонтерлар мен журналистер бар.

 

Мемлекет басшысы Қ.-Ж. Тоқаев республикалық Biz Birgemiz акциясына қатысқан волонтерлардың COVID-19 таралуына қарсы күреске қосқан зор үлестерін атап өтті. Елбасының және жеке өзінің атынан алғысын білдірді.

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, төтенше жағдай режимі кезінде барша қазақстандықтардың көмегі айтарлықтай маңызды болды.

«Үнемі қолдау мен көмек беруге дайын тұратын алматылықтар алғашқы күннен-ақ қоғамдық жұмыстарға белсене кірісіп кетті. Олардың әрқайсысының және мыңдаған қала тұрғындарының ортақ іске қосқан үлестеріне баға жетпейді», - деп жазды қала әкімі.

Б. Сағынтаев өзінің сөзінде ТЖ режимі кезінде жүгізілген пәрменді шаралардың коронавирустың жаппай таралуына тосқауыл болғанын қадап тұрып айтты. Қала тұрғындарының берілген ұсыныстарды дер кезінде қабылдап, өздерін оқшаулағандары   арқасында жағдай түзелді.

«Әрине, қала тұрғындарының табиғат аясында кездесіп, өзара сырласуды, көшелер мен скверлерде серуендеуді сағынып қалғандарын жақсы түсінемін. Өйткені, бұл - өмір. Бірақ, көзге көрінбейтін жау – пандемия біздің өмірімізге түзетулер мен өзгерістер енгізуде. Сондықтан мен алматылықтарды санитарлық-эпидемиологиялық қызметтің барлық талаптарын мүлтіксіз орындaуға шақырамын. Ол барынша қарапайым, яғни өзімізді, жақындарымызды, достарымызды, әріптестерімізді, тіпті айналамыздағыларды індетті жұқтыру қаупінен сақтайық және барынша абай болайық», - деп жазды Б. Сағынтаев және қала тұрғындарын барынша сақ болуға шақырды.

Алматы әкімі коронавируспен күресте алдыңғы шепте болып, індеттің соққысына қарсы тұра білген медиктердің, полиция қызметкерлерінің жұмыстарын атап өтті. Б. Сағынтаев осынау ортақ іске өз үлестерін қосып, қалалықтарға қолдау білдірген меценаттарға, сонымен қатар мұқтаж жандарға азық-түлік өнімдерін жеткізген волонтерларға алғысын білдірді.

Індетке қарсы күресте ерекше көзше түскендер «Халық алғысы» медалімен және Елбасының Алғыс хаттарымен марапатталды. Олардың арасында Олимпиада чемпионы, Қазақстанның Еңбек Ері, КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері Жақсылық Үшкемпіров, Бостандық ауданының ӨҚ МПС бөлімінің бастығы Жандос Тасманов, дәрігер-инфекционист Тамара Утаганова, меценат Михаил Ломтадзе, Өз бетімен өмір сүру үйінің меңгерушісі Өміржан Әбілқасымов, «Қазақстанның медициналық жастары» РҚБ жетекшісі Жәнібек Солтанай, ҚБТУ жанындағы Қазақстан теңіз академиясының студенті Диана Тоқтарқызы, «Алматы ақшамы» газетінің тілшісі Әсел Дағжан бар.

Сондай-ақ, «Қазақстан Еріктілер лигасы» ҚҚ-ның Алматы қаласы бойынша жетекшісі Бағдат Анарбаева, Jas Otan МК Алматы қалалық филиалының белсенділері Бибінұр Шербаева, Медет Бекбергенов, Жандос Тәліпов, Әсем Таймұратова, кәсіпкер Бахит Гасанов атап өтілді.



  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz