^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев журналистерді кәсіби мерекелерімен құттықтады
28 маусым 2020

Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев БАҚ өкілдеріне арнаған өзінің құттықтауында қазіргі заманауи кезеңдегі журналистер жұмысының маңызы мен мәнін ерекше атап өтті.

 

Қала әкімі құттықтау сөздерін Twitter-дегі өзінің ресми парақшасында жариялады.

«Алматының журналистер қауымдастығын кәсіби мерекелерімен құттықтаймын! Уақыт тезінен қалыспай, халыққа нақты әрі сауатты ақпарат таратып, кәсіби міндетті адал атқарып келесіздер! Арман-тілектеріңіз орындалсын, табыс пен сәттілік тілеймін!», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Айта кетерлігі, қала әкімінің тапсырмасы бойынша қаланың барлық қызметтері жұмыстарында ашық әрі жедел үн қату қағидатын басшылыққа алуда. Сондықтан барлық аудандардың әкімдері, басқарма басшылары әлеуметтік желілерге тіркелген және тұрғындардың түрлі өтінімдеріне дер кезінде жауап беруде.

Алматы әкімдігінде алғаш рет баспасөз орталығы құрылды. Мұнда аудандық әкімдіктер, басқармалар мен құрылымдық бөлімше басшылары түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, БАҚ сұрақтарына жауап береді.

Жыл басынан бері 167 баспасөз мәслихаты өткізіліп, 366 спикер 1685 сұраққа жауап берді. Бұл ретте 131 баспасөз мәслихаты COVID-19-ға қарсы іс-қимыл тақырыбына арналды. 199 спикер КВИ бойынша 1339 сұраққа жауап берді.

Төтенше жағдай кезінде қала әкімдігінің баспасөз қызметі WhatsApp мессенджерінде арнайы чат ашып, коронавирус инфекциясына қарсы күрестің жағдайы туралы журналистерге жедел ақпарат беріп отырды.

Қазақстанда тіркелген 3,5 мыңға жуық БАҚ-тың мыңнан астамы Алматыда жұмыс істейді. Соның ішінде 937 мерзімді басылым, 54 электрондық және 93 интернет-БАҚ бар.

 

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz