^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Коронавирустың дезинфекция құралдарына төзімділігі төмен – Алматы эпидемиологтары
29 маусым 2020

Алматы қаласы бойынша коронавирус инфекциясының таралуына байланысты эпидемиолог дәрігерлер қала тұрғындарына тағы да бірқатар ұсыныстар берді, сонымен бірге, қала тұрғындарын белгіленген карантин шараларын сақтауға шақырды.

 

Дәрігер эпидемиологтар тәулікке қарамастан әрбір расталған немесе коронавирус инфекциясын жұқтыру мүмкін (ықтимал) болған жағдайларға эпидемиологиялық тексеру жүргізеді. Қазіргі уақытта аталған қызмет тәулік бойы істейтін режимге көшкен. Әрбір жағдайды зерттеп, байланыс жасағандарды анықтағаннан кейін эпидемиологиялық қызметтегілер КВИ расталғандарды емдеу үшін оларды қайда жеткізу керектігін және байланыс жасағандарды оқшаулау үшін қайда жолдау керек екенін анықтайды. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет, сонымен бірге, медицина қызметкерлерінің арасында коронавирус инфекциясының таралуын (жұғуын) болдырмау үшін денсаулық сақтау ұйымдарына инфекциялық бақылау жүргізеді, сол арқылы мамандар тапшылығының алдын алады.

«COVID-19 – бұл осыған дейін адам баласы ешқашан ұшырасып көрмеген қауіпті және жасырын инфекциялық ауру. Әзірге одан вакцина жоқ, және одан өзіңді қорғаудың жалғыз жолы – ол қолды таза ұстап, әлеуметтік қашықтықты сақтау, антисептиктерді пайдалану және шектеу шараларын ұстану. Аурудың күрт өршуінен тек осылай ғана айналып өте аламыз», - деп хабарлады эпидемиолог дәрігер Динара Бектұрсынова.

Динара Бектұрсынова вирустың ауа тамшылары арқылы таралатынын түсіндірді. Коронавирусты жұқтырған адам вирусты сөйлесу кезінде, түшкіргенде және жөтелгенде айналасындағыларға жұқтыруы мүмкін, соған байланысты 2 метрге дейін әлеуметтік қашықтықты сақтау керек. Вирусты жүрек қан тамырлары және эндокриндік жүйе ауруларына шалдыққандар жиі жұқтырады. 65 жастан асқан адамдарда осындай патологиялар жиі кездеседі, сондықтан олар тәуекел тобына енген.

Вирус беткі қабатта өмір сұруге қабілетті, бірақ дезинфекциялық құралдарға төзімділігі төмен. Сол себепті тұрғындарға жуғыш заттарды қоса отырып, үйде ылғалды тазалық жүргізуге және тазалық жүргізгеннен кейін шүберектерді жақсылап жуып, кептіруге кеңес берілді. Сонымен бірге, ғимараттарды әрбір екі сағат сайын 10-15 минут желдетіп отыру қажет.

Динара Бектұрсынова сырқат белгілері болған жағдайда дәрігерге хабарласып, оқшауланып, үйден шықпау қажеттігін еске салды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz