^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қосымша қарантиндік шаралар әзірленуде
30 маусым 2020

Қала әкімі Б. Сағынтаев мемлекет басшысының коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қосымша шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмасын орындау бойынша нақтылы мәселелерді қараған кеңес өткізді.

 

Кеңес барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев аталған тапсырмалардың орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Осыған орай ұйымдарда, кәсіпорындарда, кәсіпкерлік субъектілерде санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың орындалуы қатаң бақылауға алынады.

Бақытжан Сағынтаев айтып өткендей, қатаң қарантиндік шараларды сақтау және қала экономикасының муддесі жағдайында өмір суруге үйрену қажет.

Сонымен қатар, өмір сүру мен денсаулықты сақтаудың орта жедел кезеңінеарналған қалалық жоспар әзірленеді.

Алматыда бүгінгі күніКВИ-ден емдеу үшін 19 медициналық ұйым жұмыс жасауда, оның ішінде төсектік қуаттылығы 2125 орындық 12 стационар, 985 орынды үш провизорлық орталық және1299 орынды төрт қарантиндік ұйымдар бар. Инфекциялық стационарлардың жүктемесі шамамен 80 пайызды кұрайды. Инфекциялық, провизорлық, қарантиндік ұйымдарда орындардың жалпы санын алты мыңға дейін жеткізу жоспарланған.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz