^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда Елорда күніне орай бірқатар өнеркәсіп нысандарының өндірістік цехтары модернизацияланды
06 шілде 2020

Астана күніне орай қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен Алматыда бірқатар өндіріс нысандары іске қосылып, жаңғырту процесі аяқталды. Бұл жерде «Масло-Дел» ЖШС, «Папироне» ЖШС, «Дор-Хан-Алматы» ЖШС, «Солнечный сүт зауыты» ЖШС жайлы сөз болып отыр.

 

«Масло-Дел» ЖШС жұмыс істеп тұрған өндірісін кеңейтуде, оның ішінде соустар, майонездер және кетчуптар өндіруде, өсімдік майын құятын қойма кешенінің құрылыс жұмыстары аяқталды. Осылайша, кәсіпорынның қуаттылығы жылына 10 мың тоннадан 30 мың тонна өнімге дейін артады.

Сонымен қатар, «Солнечный» сүт зауытын жаңарту процесі және өнім ассортиментін кеғейту үшін қосымша құралдар сатып алу жұмыстары аяқталды.

Үш қабатты дәретхана қағазын, қағаз сүлгілерді, қағаз майлықтарды шығаратын «Папирон» ЖШС жаңа цехының құрылысы, металл өңдеу, жылжымалы қоршау конструкцияларын, автоматты қақпалар мен жапқыштар өндіретін  «Дор-хан-Алматы» ЖШС кешенінің құрылысы және «Солнечный» сүт зауытын жаңғырту жұмыстары  және өнім түрлерін кеңейту үшін қосымша жабдықтар алу сынды қосымша жұмыстар жүргізілді.

Өндірістік цехтарды салу және кеңейту жұмыстары «Алматы-2050» стратегиясының «шетсіз қала» бағыты аясында қалада полиорталықты (көпорталықты) дамыту мақсатында орындалды. «Шетсіз қалада» әрбір ауданда бірегей мүмкіндіктер және дамыған өндірістік салалар болады, сол үшін жаңа нысандар салынбақ.

Жаңа өндіріс орындары ішкі нарықты отандық тауарлармен қанықтыруда айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, түрлі салалар бойынша отандық өнім өндіріс көлемінің  кеңеюі күтілуде. Бұл импортты алмастыруға ғана емес, сонымен бірге экспорттық әлеуеттің кеңеюіне де ықпал етеді.

Бұған дейін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев атап өткендей, Алматы қаласының өсімі көпорталықтандырылған болады және қаланың түрлі бөліктерінде бірнеше аймақта орналасады. Қала инфрақұрылымын жаңарту алдағы бес жылда инвестициялар үшін жаңа алаң пайда болады.

Жалпы, Алматыда өнеркәсіпті дамыту, отандық тауар өндірушілерді қолдау және бизнес үшін қолайлы орта жасау бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

Алматы қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, ағымдағы жылдың 3 шілдесінен өндірістік кәсіпорындардың үздіксіз өндіріс қызметі санитарлық-дезинфекциялық режимді сақтаған жағдайда рұқсат етілгенін еске саламыз.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz