^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда қажетті дәрі-дәрмектерді жеткізу жалғасуда
06 шілде 2020

 

Алматыда қала әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаевтың төрағалық етуімен өткен арнайы кеңесінде "Inkar" ЖШС қалаға қосымша 150 000 дана "Парацетамол" әкелінгені және жуық арада 850 000 дана дәрі жеткізілетіні туралы хабарлады.

 

 

Сондай-ақ, жұмыс кездесуіне Алматы қаласының бас санитариялық дәрігерінің орынбасары, қаланың құқық қорғау органдарының, Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасының, Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының, Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің, Алматы дәріханаларының ірі желілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының фармқызметін қолдау және дамыту қауымдастығының және т.б. өкілдері қатысты.

Кеңесте Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне (ТҚСҚБД) қала дәріханаларында дәрілердің болуына және оларға қойылған бағаларға күн сайын мониторинг жүргізіп отыру тапсырылды. Құқық қорғау органдарының алдына дәрі-дәрмектерді заңсыз, оның ішінде, онлайн алаңдары арқылы сатуға жол бермеу бойынша тұрақты негізде жұмыс жүргізу міндеті қойылды. Әкімнің орынбасарының тапсырмасына сәйкес, ІІД ТҚСҚБД бірлесіп, алып қойылған дәрі-дәрмектерге талдау жүргізуі және қаланың Жедел штабына өткізуі тиіс.

Бұдан бұрын, Алматы қаласы әкімдігінің нарық қатысушыларымен және тиісті мемлекеттік органдармен Алматы қаласының дәріханаларына әлеуметтік маңызы бар дәрілердің 41 түрін басымдық тәртіпте күнделікті жеткізу мәселесін шешкенін естеріңізге саламыз. Бұл мақсатта, фармкомпаниялармен Келісімге қол қойылды және 103 дәріханадан тұратын тізім белгіленді, оларға дәріні басымдық тәртіпте жеткізетін болады. Аталған тізімге тағы да екі дәріхана белгіленді, ол әрі қарай кеңейеді және әрі қарай тізімге қосылады. Осылайша, бүгінгі күні, тізімде 105 дәріхана бар, олар қаланың әрбір ауданында бар. 41 препараттың әрқайсысы бойынша негізсіз дүрбелең тудырмас үшін бір қолға сатудың қол жетімді саны белгіленді. Дәріханалардың дәрілердің бағасын көтермеу және бір қолға бір атаулы дәрінің 3 бірлігінен артық бірлігін сатпау міндеті көзделді.

Бағаларды бақылау мақсатында қаланың аталған 105 дәріханасында күн сайын дәрілердің бағасына мониторинг жүргізіліп отырады. Сондай-ақ, Алматы қаласы бойынша Тауарлардың және қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті ірі жеткізушілерді, өндірушілерді және дәріхана желілерін қоймадағы бар және келуі күтіліп отырған дәрілер бойынша дұрыс ақпарат беруге міндеттейтін қаулы қабылдады.

Жалпы алғанда, қаланы қажетті дәрілермен және термометрлермен қамтамасыз ету мәселесі шешілді. Ірі жеткізушілер күн сайын "Парацетамол", "Ибупрофен", "Эффералган", "Аспирин", "Тамифлю", "Ингавирин", "Азитромицин" және "Сумамед" секілді дәрі-дәрмектерді жеткізуді жүзеге асырады.

Бүгінгі кеңес шеңберінде, бұдан бұрын 2020 жылғы 2 шілдедегі Келісімге қол қойған барлық қатысушыларға дәріханаларды дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдау тапсырылды.

5 шілдедегі деректер бойынша қаланың дәріханаларына 115 000 дана "Парацетамол", 30 000 дана термометр, 20 000 дана "Ибупрофен", 35 000 дана "Ингавирин" және басқа да дәрілер жеткізілді. Бүгін қосымша 150 000 дана "Парацетамол" және 50 000 дана термометр жүк түсірілді. 8 және 12 шілдеде 850 000 дана "Парацетамол" қосымша жеткізіледі деп күтілуде.

Сонымен бірге, құқық қорғау органдарының деректері бойынша, тексеру нәтижесінде дәріні, оның ішінде, "Цефазолин", "Tamiflu" және "Ингавирин 90" дәрілерін заңсыз сату жайттары анықталды, оның нәтижесі бойынша тиісті шаралар қабылданды, сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде.

 

Дәрімен қамтамасыз ету мәселелері бойынша жедел желі телефондары:

+7 (775) 882 52 00

+7 (775) 882 53 92

+7 (775) 882 53 12

+7 (775) 882 54 16

+7 (775) 882 56 49

Жедел желі телефонының жұмыс тәртібі дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, таңертеңгі сағат 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz