^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Алматыда дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасау үшін 5 млрд тг бөлінді
10 шілде 2020

Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев бүгін өткізген жұмыс кеңесі барысында фарминдустрия өкілдерімен мегаполиске дәрі-дәрмектерді жеткізу мәселесін талқылады.

 

Қала әкімі Facebook-тағы өзінің парақшасында дистрибьюторлық компаниялар және дәріханалар желілері басшыларымен кезекті кездесуді жедел жағдайды әрі дәрі-дәрмек препараттарына деген сұранысты қамтамасыз етудің қажетті шараларын талқылау мақсатында өткізгенін жазды.

«Таңертең дәрілік препараттарға сұранысты қамтамасыз ету және жедел жағдай бойынша қажетті шараларды талқылау үшін фарминдустрия өкілдерімен кезекті кездесу өткіздім. Келіп түскен дәрі-дәрмектер дәріхана сөрелеріне бір тәуліктің ішінде қойылады. Бүгін Ресейден препараттардың ірі партиясы келеді. Шамамен 55 тонна дәрілік заттар, соның ішінде ковидке қарсы – ыстықты түсіретін және антикоагулянттар бар. Шілде айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектердің 4,2 млн қаптамасы жеткізіледі деп күтілуде», — деп жазды Б. Сағынтаев.

Қала әкімі қол қойылған меморандум аясында қаланың барлық аудандарындағы 105 дәріханаға өте қажет препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілетінін еске салды.  Дәріхана желілері мен дистрибьюторлық компаниялар басшылары дәрі-дәрмек жеткізудің реттелгенін айтты. Қол қойылған меморандум аясында қаланың барлық аудандарындағы 105 дәріханаға өте қажет  препараттардың 41 түрі тұрақты жеткізілуде. 1 шілдеден бастап дәріханалар әлеуметтік маңызы бар 581 мың дәрі-дәрмек қаптамасын алды. Жалпы, бүгінгі күні 105 дәріхана мен жеткізушілердің қоймаларында 1,8 млн қаптамадағы қажетті  дәрі-дәрмектер бар.

Қала әкімі дәрі-дәрмектің тұрақты қорын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асыру туралы айтты.

«Келесі қадам – дәрілердің тұрақтандыру қорын құру. Дәрі-дәрмек жеткізушілерді 6-8 ай мерзімге пайызсыз несиелендіру үшін 5 млрд тг бөлінді. Бұл – дәрі-дәрмектерді ағымдағы баға бойынша сатып алып, нарықтың құбылмалы жағдайына байланысты біртіндеп пайдалануға беру үшін жасалды», — деп хабарлады Бақытжан Сағынтаев.

Бүгінгі күні қаланың 105 дәріханасында және жеткізушілердің қоймасында әлеуметтік маңызы бар 1,8 млн дәрі- дәрмектер қаптамалары, оның ішінде 1 млн парацетамол, 377 мың аспирин, 221 мың ибупрофен, 75 мың азитромицин, 27 мың амоксиклав және басқа дәрілер, сонымен қатар, дәріханаларда 5928 термометр бар.

Сұранысты қамтамасыз ету үшін 105 дәріханаға қажетті дәрілерді дереу жеткізу ұйымдастырылды. 1 шілдеден бастап қала дәріханаларына әлеуметтік маңызы бар  581 мың препараттар, оның ішінде 283 мың парацетамол, 129 мың аспирин, 36 мың ингавирин, 29 мың ибупрофен, 28 мың азитромицин және басқа дәрілер, сонымен қатар  30 мың термометр жіберілді.

Еске салсақ, Алматы қаласының әкімі Б. Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша, дәрі-дәрмек жеткізу жағдайын тұрақтандыру үшін қала әкімдігі, жеткізушілер мен дәріханалар желісі өзара келісімге қол қойып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектің 41 түрі дереу жеткізілетін 105 дәріхана анықталған болатын. Осының  арқасында дәрі-дәрмектерді жеткізу, олардың бағасын көтермеу және бір қолға үш қаптамадан артық дәрі бермеу мәселелері ретке келтірілуде. Сонымен қатар, аталған 105 дәріханада дәрілердің өтуіне, олардың 10 түрінің және термометрлердің қанша қалғанына күн сайын мониторинг жүргізіледі.

X

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz