^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 5 тамыз 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматы әуежайына COVID-19 қарсы дәрілік препараттардың ірі партиясы жеткізілді
10 шілде 2020

Алматы қаласының халықаралық әуежайына дәрілік препараттары бар бірінші әуе рейсі келіп қонды.

 

Бүгін барлығы екі рейспен Ресейден 55 тонна медикамент жеткізіледі, жүк құрамында әлеуметтік маңызды 10-нан астам препарат атауы бойынша шамамен 3 млн қаптама, соның ішінде, дене қызуын түсіретін және COVID-19-ға қарсы басқа да дәрілік құралдар бар. Тізімде — азитромицин, цефтазидим, ибупрофен, фраксипарин, метронидазол, цефтриаксон, гепарин, нимесулид, левофлоксацин, меропенем порошок, эноксапарин – бинергия және басқалары бар.

Дәрілік препараттарды азаматтық авиация комитетінің арнайы борттарымен жедел жеткізу – ҚР Үкіметінің нарықты әлдеқайда сұранысқа ие дәрілермен шұғыл толықтыруда жүзеге асырып отырған шараларының бірі. Осындай рейстер тұрақты түрде дәрілік нарықты қамтамасыз ету үшін және дәріхана желілерін қажетті препараттармен үнемі толықтырып отыру үшін  жүзеге асырылады.

Алматы қаласының Әкімдігімен, ҚР Денсаулық сақтау министрлігімен аталған медикаменттерді жедел алу мен жүзеге асыруға жәрдемдесуде барлық шаралар қолға алынды.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің мәліметтері бойынша дәрілік құралдар мен препараттар декларациялау жолымен үш күн ішінде сертификатталады.

«Біздің тарапымыздан ҚР Үкіметіне препараттарды сертификаттау, жаңа препараттарды  жедел тіркеу және тез жеткізу процедураларын жеңілдету ұсынысы жасалды. Бұл ұсынысты экономикалық өсімді қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекеттік комиссия қолдады. Осылайша, біз медициналық препараттарды сертификаттау мен оларды жеткізудегі прцедуралардың жеңілдетілуіне қол жеткіздік. Осы шаралардың бәрі қаланы дәрімен қамтамасыз етуге және жедел жеткізуге мүмкіндік береді», — деп хабарлады Алматы қаласы әкімдігінің қаланы дәрілік препараттармен қамтамасыз ету жөніндегі үйлестіруші Заңғар Сәлімбаев. Сонымен бірге, ағымдағы жылдың шілде айының ортасында Үндістаннан екі партия дәрі-дәрімек келеді деп күтілуде.

Келгеннен кейін дәрілік препараттар төрт ірі фармацевтикалық компаниялар арасында одан ары дәріханаларға жеткізілу үшін бөлінеді. Бұл Медсервис плюс» КФК ЖШС, «Химфарм» АҚ, «Нобель Алматы фармацевтикалық Фабрикасы» АҚ, INKAR желілері.

«Химфарм» АҚ атап өткендей, вирусқа қарсы препараттары бар жүк мемлекеттің жедел әуе жеткізілімінің арқасында Қазақстанға жетті.

«Компания барлық қажетті шараларды қолға алды, және тек өз кәсіпорнында дәрі өндіру көлемін ұлғайтып қана қойған жоқ, сонымен бірге, Ресейдегі өзінің серіктестерімен – вирусқа қарсы препараттар шығаратын «Акрихин» компаниясымен байланысқа шықты, олар өндіретін вирусқа қарсы препараттар қазақстандық «Химфарм» АҚ шығарылмайды. Осы серіктестіктің және Мәскеуден транспорттық әуе бортын ұйымдастыруда екі мемлекеттің көрсеткен жедел қолдауының арқасында Қазақстанға бүгін «Осельтамивир» виусқа қарсы препаттың үлкен партиясы бар рейс келді. Аталған препарат дистрибьюторлық компанияларға дереу тиеліп, еліміздің дәріханаларына жақын күндері жеткізіледі», — деп хабарлады  «Химфарм» АҚ.

Атап өтерлік жайт, РФ-нан келетін жүктен өзге Алматыға шілденің соңына дейін әлеуметтік маңызы бар шамамен 4,2 млн қаптама дәрі-дәрмек жеткізіледі деп күтілуде.

«Бүгін біз Үкіметтің қолдауы арқасында Ресейден екі ұшақтың келуін күтудеміз. Ең қажет препараттар жеткізіледі. Біз өте  қажет дәрі-дәрмектің 13 түрін жабамыз. Олар – азитромицин, цефтриаксон, ибупрофен және басқалары. Үндістаннан да жеткізілім жоспарланған. Ұшақтар коронавирус инфекциясын емдейтін препараттарды ғана бізге тасымалдайды», — деді «INKAR» ЖШС бас директоры Әлия  Ерімбетова.

Өз кезегінде «НОБЕЛ Алматинская Фармацевтическая Фабрика» АҚ шұғыл түрде жеткізілген препараттардың барлығының пандемияға қатысты екенін атап өтті. Олардың ішінде кең ауқымды антибиотиктер бар. Жеткізілген препараттар одан әрі тасымалдау үшін дистрибьтерлерге берілетін болады.

Еске салсақ, Алматыда қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсымасы бойынша дәрі-дәрмектерді іркіліссіз жеткізу үшін өндірушілермен, ірі жеткізуші лермен және дәрі-дәрмек дистрибьютерлерімен белсенді жұмыстар жүргізілуде. Барлық фармкомпаниялар 1 шілдеден бастап дәріханаларға әлеуметтік маңызы бар 581 мың дана препараттарды жөнелтті, олардың ішінде парацетамол, аспирин, ингавирин, ибупрофен, азитромицин және басқа дәрілер, сонымен қатар термометрлер бар.

Дәрі-дәрмекке деген сұраныстың артуы барысында қала әкімдігі, жеткізушілер мен дәріханалар желісі өзара келісімге қол қойып, нәтижесінде әлеуметтік маңызы бар дәрі-дәрмектің 41 түрі дереу жеткізілетін 105 дәріхана анықталған болатын. Осының  арқасында дәрі-дәрмектерді жеткізу, олардың бағасын көтермеу және бір қолға үш қаптамадан артық дәрі бермеу мәселелері  ретке келтірілуде. Сонымен қатар, аталған 105 дәріханада дәрілердің өтуіне, олардың 10 түрінің және термометрлердің қанша қалғанына күн сайын мониторинг жүргізіледі.

Бұдан өзге, бүгін қала әкімі Б. Сағынтаев хабарлағандай, Алматыда дәрі дәрмектің тұрақты қорын құру үшін 5 млрд теңге бөлінді. Қаржы жеткізушілердің  ағымдағы баға  бойынша 6-8 айға дәрі-дәрмек сатып алуына және оларды біртіндеп құбылмалы нарық барысында өткізулеріне бағытталған.






  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Алматының медициналық кадр резервіне 2 мыңнан астам енді »»
04 тамыз 2020 - 19:02
Алматы қаласының жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн сұхбат барысында Алматы қаласында медициналық мамандар резерві құрылғаны туралы айтты.   Коронавирус инфекциясы пандемиясы жағдайына байланысты, Алматыда инфекция жұқтырғандарды қабылдау бойынша стационарлардағы төсек-орындарды көбейту бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.   «Инфекциялық төсек-орындар санын көбейту үшін тек материалдық-техника...
100-ден астам алматылық волонтер болуға тілек білдірген »»
04 тамыз 2020 - 19:32
Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн сұхбат барысында Алматы қ. жоғарғы медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева айтты.   Светлана Сұлтанғазиева хабарлағандай, 100-ден астам адам қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға үлес қосып, волонтер болуға тілек білдірген.   «Тілек білдірген адамдар сонымен бірге, дәрілік құралдарды жеткізуге тартылуда. Олар қарапайым персонал қатарына енеді», - деді С.Сұлтанғазиева. &nb...
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған бағалардың төмендегені байқалады »»
04 тамыз 2020 - 16:16
Үш ай қатарынан ӘМАТ қойылған тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) 100%-дан төмен деңгейде тұр. Шілдеде көрсеткіш 98,7%-ға дейін төмендеді.   Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, қалада бірқатар шаралар, олардың қатарында – тұрақтандырудың жаңа механизмдері, азық-түлікті тікелей жеткізуді ұйымдастыру және бәсекелестік орта құру секілді шаралар қолданылуда.   Алматының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен, бүгінгі күні, тұрақтандыру...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz