^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған бағалардың төмендегені байқалады
04 тамыз 2020

Үш ай қатарынан ӘМАТ қойылған тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) 100%-дан төмен деңгейде тұр. Шілдеде көрсеткіш 98,7%-ға дейін төмендеді.

 

Бағаның негізсіз өсуіне жол бермеу мақсатында, қалада бірқатар шаралар, олардың қатарында – тұрақтандырудың жаңа механизмдері, азық-түлікті тікелей жеткізуді ұйымдастыру және бәсекелестік орта құру секілді шаралар қолданылуда.

 

Алматының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, жергілікті бюджет қаражаттарының есебінен, бүгінгі күні, тұрақтандыру шараларымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының 19 жайғасымының 18 жайғасымы қамтылды.

 

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына (ӘМАТ) қойылған бағалардың өсу тәуекелдерін ескере отырып, карантин шараларының алғашқы кезеңінен бастап, 2020 жылғы наурызда кәсіпкерлік субъектілеріне жергілікті бюджеттен жеңілдікпен берілетін қайтарымды қарыз беру және ӘМАТ-тың 13 атауының бағаларын бекіту үшін 5 млрд. теңге бөлінді.

 

Бөлінген қаражаттар «Magnum Cash&Carry» сауда желілеріне және «Ақсайнан НТК» ЖШС-не айналым қаражаттарын толықтыру және өткізу бағаларын бекіту үшін жолданды.

 

Атап айтқанда, «Magnum Cash&Carry» ЖШС-не сөрелердегі бекітілген шекті бағаларымен және ағымдағы жылғы қазан айына дейін бағаны ұстап тұру көлемімен 11 925 тонна көлемінде ӘМАТ-тың 12 жайғасымына 3,6 млрд теңге сомасында жеңілдік қарызы берілді.

 

Сондай-ақ, «Ақсайнан НТК» ЖШС-не 1-ші сұрыпты ұннан әлеуметтік қалыпты нан пісіру үшін 350 млн. теңге сомасында жеңілдік қарызы берілді. Сатылудың жалпы көлемі бір бөлке нан үшін 70 теңге болып бекітілген өткізу бағаларымен және 5 ай ішінде бағаларды ұстап тұру көлемімен 21,8 млн-нан астам бөлке нанын құрайды.

 

Келісім бойынша бағаларды бекіту сәуір-шілде айларының кезеңінде бағалардың төмендеуіне айтарлықтай әсер етті: 11 жайғасымның 9 жайғасымына бағаларды ұстап тұру және 6 жайғасым бойынша, оның ішінде: тауық ет, құмшекер, күнбағыс май, сүт, ірімшік, рожки, күріш және 1-ші сұрыпты ұнның бағасын төмендетуге мүмкіндік берді.

 

Бұдан басқа, қаланың 250 сауда нысандарына бекітілген өткізу бағасы (1850 тг/кг) бойынша сиыр етін жеткізу ұйымдастырылды. Аталған келісім ағымдағы жылдың соңына дейін жасалды, сауда орындарының саны 500-ге дейін арттырылатын болады.

 

Қазіргі уақытта, 2020-2021 жылдардың маусымаралық кезеңіне «көкөністі сақтауға салу» бойынша қосымша шарт жасалды. 1,5 млрд теңге сомасында жеңілдікпен берілген қайтарымды заемға «Magnum Cash&Carry» ЖШС шамамен 12 мың тонна көкөніс (картоп, сәбіз, пияз, қырыққабат) сатып алатын болады.

 

Қабылданған жүйелі және жедел шаралардың арқасында карантин режіміне қарамай, қала әкімдігіне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына қойылған бағаларды тұрақтандыруға мүмкіндік туды.

 

Осылайша, ағымдағы жылғы сәуірде тұтыну бағаларының индексі (ТБИ) ӘМАТ-тың 9 атауы бойынша бағалардың төмендеуінің есебінен 100%-ды, мамырда – 99,2%-ды (ӘМАТ-тың 6 түрі бойынша бағалардың төмендеуі), маусымда – 99,7%-ды (ӘМАТ-тың10 түрлі атауы бойынша бағалардың төмендеуі) құрады.

 

Өткен айдан бастап, ӘМАТ-тың 7 атауы бойынша: картоп, пияз, сәбіз; сүт өнімдерінен: сүт, айран, ірімшік, сондай-ақ құмшекердің бағаларының төмендегені байқалады.

 

Сонымен, тұтыну бағаларының индексі шілдеде тағы 1%-ға төмендеп, 98,7%-ды құрады.

 

ӘМАТ-қа қойылған бағаларды тұрақтандыру бойынша жұмыс жалғасуда.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz