^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
100-ден астам алматылық волонтер болуға тілек білдірген
04 тамыз 2020

Бұл туралы Алматы қаласының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңындағы онлайн сұхбат барысында Алматы қ. жоғарғы медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева айтты.

 

Светлана Сұлтанғазиева хабарлағандай, 100-ден астам адам қаладағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға үлес қосып, волонтер болуға тілек білдірген.

 

«Тілек білдірген адамдар сонымен бірге, дәрілік құралдарды жеткізуге тартылуда. Олар қарапайым персонал қатарына енеді», - деді С.Сұлтанғазиева.

 

Сонымен бірге, ол медициналық қызметкерлер қатарынан шыққан волонтерлардың кадрлық резервке қосылатынын атап өтті.

 

Медициналық мамандарды инфекциялық стационарларға бөлу бойынша жұмыстар жүргізілуде.

 

Медициналық ЖОО мен колледждердің түлектері үшін келесідей шаралар жүргізілуде:

 

1) мамандардың сертификаттарын тездетіп алуы;

2) жұмысқа қабылдауды жеңілдету (құжаттар санын азайту);

3) COVID-19 бойынша қосымша оқыту курстарын өткізу. Курсты аяқтағаннан кейін коронавирус инфекциясымен науқастанған адамдармен жұмыс істеу үшін рұқсат ететін арнайы сертификаттарды беру;

4) Студенттер үшін мотивацияны арттыру мақсатында резидентураға түсуге көмек көрсетуде жағдай жасалуда.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz