^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 18 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының медициналық кадр резервіне 2 мыңнан астам енді
04 тамыз 2020

Алматы қаласының жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн сұхбат барысында Алматы қаласында медициналық мамандар резерві құрылғаны туралы айтты.

 

Коронавирус инфекциясы пандемиясы жағдайына байланысты, Алматыда инфекция жұқтырғандарды қабылдау бойынша стационарлардағы төсек-орындарды көбейту бойынша жұмыстар белсенді түрде жүргізілуде.

 

«Инфекциялық төсек-орындар санын көбейту үшін тек материалдық-техникалық қамту ғана емес, негізгі мәселе мамандармен қамту болып отыр», - деп атап өтті жоғары медициналық колледж директоры С.Сұлтанғазиева.

 

Мамандарды мобилизациялау мақсатынла қалада күн сайын меншік иесіне қарамастан, барлық медициналық ұйымдарды кадрлармен қамтамасыу етудің мониторингі және талдауы жүргізіледі.

 

Бүгінгі таңда Алматыда кадрлық резерв құрылған, оған 2 335 адам енген. Оның ішінде дәрігерлер саны – 341, орташа медициналық персонал - 1 572, кіші медициналық персонал – 422 адам. Кадрлық резервке негізінен резиденттер мен биылғы жылдың түлектері енді деп хабарлануда.

 

«Бір уақытта кадрлық ресурстарды жоспарлаумен және болжаумен айналысамыз, енгізіліп жатқан инфекциялық төсек-орындарға қарай штаттық кесте жасалуда. Мәселен, тамыз айының соңында арнайы Әлеуметтік қызмет көрсету орталығының базасы негізінде 500 орынға арналған инфекциялық стационар ашу жоспары бар, одан кейінірек тағы бір тез салынатын 300 орынға шақталған модульді стационар ашылады», - деп толықтырды спикер. Ол штаттық кестенің қалыптасқан кадрлық резерв мөлшеріне қарай құрылатынын атап өтті.

 

Алматыда барлығы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына қарайтын 74 ұйым, 20 республикалық және 93 жекеменшік формадағы ұйымдар бар. Бұл ұйымдарда барлығы 38 063 қызметкер жұмыс істейді. 27 денсаулық сақтау ұйымы Covid-19 емдеуге жұмылдырылған.

 

Сонымен бірге, инфекциялық стационарлардағы жұмысқа мамандарды алу жалғасуда. Жұмыс істегісі келетіндерге 8702-633-0168 нөмірі бойынша Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының кадрлармен жұмыс бөліміне хабарласуды сұрайды.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz