^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматыда келер жылы оқушы орнының тапшылығы 83%-ке қысқаратын болады
12 тамыз 2020

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-ның Aкimat Live бағдарламасында өткен тікелей эфир барысында мектептер құрылыстарының қарқыны және жаңа оқу жылына дайындық туралы әңгімеледі.

 

Халықтың қарқынды көшіп-қонуы мен балалардың туу деңгейінің ұлғаюына орай Алматыда оқушылар саны жыл сайын орта есеппен 12 мыңға артып отыр.Өткен оқу жылында оқушылардың жалпы саны 17 мыңнан астам балаға өсті. Бүгінгі таңда оқушы орнының тапшылығы 30 мың орынды құрайды.

 

Сондықтан өткен жылы мектеп құрылыстарын жеделдету қарқынды жүргізілді. Ағымдағы жылы, 1 қыркүйекте Әуезов және Түрксіб аудандарында 1800 орынды екі жаңа мектеп ашылады. Сонымен қатар, қала мектептерінің жанынан 3642 орынды сегіз қосалқы нысандар салынуда.

 

Бұлардан өзге, «Жұмыспен қамтудың Жол картасы - 2020» бағдарламасы бойынша 13 200 орынды тоғыз мектеп, мектептер жанынан 6550 орынды 13 қосалқы нысан салу жоспарланған. МЖӘ аясында 5700 орынды бес мектеп салу ұсынылды.

 

«Осылайша, 2021 жылдың соңына дейін оқушы орнының тапшылығын 83%-ке қысқаратын болады», - деп хабарлады Б. Сағынтаев.

 

Алматы әкімі жаңа оқу жылына дайындық туралы айта келіп, коронавирус инфекциясының індетіне байланысты балалар мен педагогтардың денсаулығын сақтау мақсатында Білім және Ғылым министрлігінің эпидемиологиялық ахуал жақсарғанға дейін қашықтан оқыту туралы шешім қабылдағанын еске салды. Бұрынғы оқу форматына кезең бойынша көшу жоспарланған. Штатты режимге бірінші кезеңде 1-5 сынып оқушылары, екінші кезеңде 6-11 сынып оқушылары көшеді әрі санитарлық қауіпсіздіктің пәрменді шаралары қамтамасыз етілетін болады.

 

Б. Сағынтаев өзінің сөзінде бірінші кезекте аз қамтылған отбасылар балаларын компьютерлік техникамен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінетінін айтты. Жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша 70 мыңнан астам адамға, оның ішінде оқушылар мен мұғалімдерге компьютерлер мен ноутбуктар берілетін болады.

 

«Бұдан өзге, интернетке қолжеткізу және мобильді байланыс нашар аймақтарға мониторинг жүргізілді. Ұялы байланыс операторлары орнататын қосымша таратушы антенналардың орны анықталды», - деп атап өтті Алматы әкімі.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz