^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Алматының төрт ауданындағы барлық көшелерге жарық жүргізілетін болады
12 тамыз 2020

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» ТА-ның Aкimat Live бағдарламасында өткен тікелей эфир барысында қала тұрғындарының сұрақтарына жауап бере келіп, Жаңа Алматының ықшамаудандарында көше жарығын орнату жұмыстары туралы нақты айтып берді.

 

Қалада өткен жылы жарықтандыру бойынша кең көлемді бағдарлама қолға алынды. Бірқатар зерттеу жұмыстары жүргізілген соң 2024 көшеде жарықтың жоқ екені анықталды. Сондықтан 2019 жылы бюджеттік қаржы қайта қаралды және осы бағдарламаны орындауға жұмсалды.

 

«Біз өткен жылы қаланың шет аймағындағы Алатау, Наурызбай, Түрксіб, Жетісу аудандарындағы 329 көшеге жарық жүргіздік. Ағымдағы жылдың 1 шілдесінен бастап Алатау, Жетісу, Наурызбай, Түрксіб аудандарында сыртқы жарықты орнату бойынша жұмыстар басталды. Қалаға осыдан бірнеше жыл бұрын қосылған ықшамаудандарға басымдық берілуде. Бүгінгі күні 157 көшеде жарық беру жұмыстары жүруде», - деп хабарлады Б. Сағынтаев және ол жарықтандыру қаншалықты жоғары болса жайлылық қана емес, қаланың қоғамдық қауіпсіздік деңгейінің артатынын да атап өтті.

 

2020-2021 жылдар ішінде қаланың Алатау, Жетісу, Наурызбай және Түрксіб аудандарының аумақтарын 100 процент жарықтандыру бойынша жұмыстарды аяқтау жоспарланған.

 

Жалпы қаланың барлық аудандарындағы 2024 көшеге, оның ішінде Алатау ауданынындағы – 413, Алмалы ауданындағы – 84, Әуезов ауданындағы – 89, Бостандық ауданындағы – 155, Жетісу ауданындағы – 84, Медеу ауданындағы – 273, Наурызбай ауданындағы – 312, Түрксіб ауданындағы 614 көшеге жарық жүргізілетін болады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz