^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Алматыда КВИ ахуалы тұрақтанды
12 тамыз 2020

Қалада 5 шілдеде күшейтілген шектеу шаралрының енгізілуі нәтижесінде эпидемиологиялық ахуал тұрақтанды. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Aкimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында айтты.

 

Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтануы КВИ-мен күресуге қатысқан клиникалардың бұрынғы жұмыс режиміне біртіндеп көшулеріне мүмкіндік берді. Б. Сағынтаев хабарлағандай, №4 және 7 қалалық емханалар өздерінің негізгі бағыттары бойынша толық жұмыс істей бастады. Ал қалғандары өздерінің негізгі жұмыстарына кезең-кезеңімен оралады.

Атап өтерлік жайт, күзгі-қысқы маусымда індеттің жаңа толқынының болуы мүмкін екенін ескере отырып, стационарлардың ковидті госпитальдер режимі бойынша жұмыс жасауларының жоспары  әзірленді.

«Күніне шамамен 200 госпиталь жұмыс істейтін болады. Індет шарықтаған кезде біз 500-ге жуық науқасты ауруханаларға жатқыздық. Бұл қаланың медицина жүйесіне түсетін өте ауыр жүк. Індеттің жаңа толқынына қарсы іс- әрекет жоспарына сай стационарлар 2-3 күн ішінде ковидті науқастарды емдеуге дайын болулары тиіс», - деп атап өтті Б. Сағынтаев.

Сонымен қатар, жедел жұмыс істеу үшін медициналық көмектің алғашқы буыны – алғашқы медициналық-санитарлық көмек немесе емхана байланысы күшейтілуде. Учаскелік дәрігерлер созылмалы аурулары бар тәуекел тобындағы қалалықтарды бақылауға алулары тиіс. Ал бұл осы топтағы жұқтырушыларды дер кезінде анықтауға мүмкіндік береді.

Жүргізілген сауалнамаларға сәйкес КВИ жұқтырғандардың стационарларға сырқаттың асқыну түрімен түскен, 55%-і үйде емделді; 31% - жеке клиникаларға, 14%-ы - тіркелген емханаларға, учаскелік дәрігерлерге барған.

Осыған орай, біз КВИ белгілері пайда болған кезде не істеу керек, кімге және қайда жүгінуге болатындығы туралы нұсқаулықтар әзірледік. Амбулаториялық ем алатын әрі емханалар дәрігерлерінің бақылауында болатын науқстарды қажетті дәрі-дәрмектер препататтарымен қамтамасыз еттік. Осы мақсатта дәрі-дәрмектерді тұрақтандыру қоры құрылды, оған 5 миллиард теңге бөлінді», - деп түсіндірді қала әкімі.

Сонымен қатар, ПТР тестілеудің қуаттылығы артады. Бүгінгі күні 455 мың ПТР сынақтары өткізілді. Тестілеуден қала тұрғындарының шамамен 15-17%-і өтті. Бұл нақты эпидемиологиялық көріністі білуге және уақытында қажетті шараларды қабылдауға мүмкіндік береді.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz