^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысуға шақырды
12 тамыз 2020

Бүгінгі күні «Бюджетке қатысу» жобасы тұрғындарды қала кеңістігін жақсарту жөніндегі жобаларды жүзеге асыруға кеңінен тартудың тиімді тетігі болып табылады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде айтты.

 

Қалалықтардың сұрақтарына жауап бере келіп, Б. Сағынтаев осы жоба аясында тұрғындардың бастамалары мен ұсыныстары негізінде жалпы құны 14,5 млрд теңге болатын 333 жобаға өтініш берілгенін айтты.2020 жылы жалпы құны 1,4 млрд теңге болатын 55 жоба іске асады, оның ішінде құрылыс саласы мен абаттандыруға қатыстылары да бар.

 

«Бүгінгі эфирді пайдаланып, алматылықтарды «Бюджетке қатысу» жобасына белсенді қатысуға шақырамын. Келер жылы орындалатын жобаларға да іріктеу жүргізіледі. Қазіргі кезде өтініштер қабылдануда. Өздеріңіздің аулаларыңыз бен ықшамаудандарыңызда қандай жобаны жүзеге асыру қажеттігін өздеріңіз шешетін боласыздар», - деп атап өтті Алматы әкімі.

 

Өткен жылы әр ауданға 500 миллион теңгеге қаражат қарастырылған болатын. Бүгінгі таңда «Бюджетке қатысу» жобасының сомасын екі есе көбейту мәселесі қарастырылуда.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz