^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Б. Сағынтаев: Екпеге деген көзқарасты өзгерту қажет
12 тамыз 2020

Ағымдағы жылы ЖРВИ мен тұмауға қарсы 430 мың дозалық екпе сатып алынады. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Aкimat Live бағдарламасының тікелей эфирі барысында хабарлады.

 

Алматыда жыл сайын ЖРВИ мен тұмау басталған кезде «тәуекел топтарға» екпе жасалады. Олар – медицина қызметкерлері, медициналық ұйымдарда диспансерлік есептерде тұратын балалар, алты айдан асқан жиі ауыратын балалар, жетімдер үйіндегі балалар, қарттар үйіндегі адамдар және мүгедектер, медициналық-әлеуметтік мекемелер қызметтерін қолданушылар, жүктіліктің екінші немесе үшінші триместріндегі жүкті әйелдер және эпидемиологиялық көрсеткіштері бар науқастар.

Ағымдағы жылы жергілікті бюджет қаржысы есебінен тұмауға қарсы 130 мың дозалық екпе сатып алу жоспарланған. Екпе қыркүйек айында жеткізіледі деп күтілуде. Тәуекел тобындағыларға тұрғылықты жерлеріндегі аумақтық емханаларда екпе тегін жасалады.

«КВИ сырқаты бойынша эпидемиологиялық ахуалды ескере отырып, тәуекел тобындағы жандарды толық қамту үшін ЖРВИ мен тұмауға қарсы 300 мың дозалық екпені қосымша сатып алу туралы шешім қабылданды», - деп хабарлады Б. Сағынтаев және тұрғындарға екпеге қатысты көзқарасты өзгерту керектігін атап өтті. Бұл сырқаттарға қарсы пәрменді тетік болып табылады.

Тұмау вирусы жыл сайын өзгеріске ұшырайды, сондықтан эпидемиялық маусым алдында – қазан және қараша айларында тұмауға қарсы екпені алу қажет. Екпеден соң иммунитет 14 күннен кейін қалыптасады және маусым бойына, 1 жылға дейін сақталады.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz