^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 23 қыркүйек 2020
 
     
 
Жаңалықтар
Инфрақұрылымды жақсарту бойынша маңызды шешімдер қалалықтардың пікірін ескере отырып қабылданады
12 тамыз 2020

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде алматылықтардың сұрақтарына жауап беру барысында айтты.

 

Кезекті хабарда Б. Сағынтаев қаланың инфрақұрылымын жақсартуға қатысты бірқатар сұрақтарға жауап берді.

 

«Жол,сумен қамту желісін салу, жарықтандыру, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, аулаларды абаттандыру, бала бақшалар мен мектептердің құрылыстарын жүргізу жөніндегі барлық маңызды шешімдер тұрғындармен кездесулер арқасында қабылданды», - деп атап өтті Алматы әкімі.

 

Б. Сағынтаев өзінің сөзінде 2019 жылдың екінші жартыжылдығында қала аумақтарын дамытудың барлық жоспарлары алматылықтардың пікірлерін ескере отырып, қайта жасалғанын айтты.

 

«Бірінші кезекте қандай мәселені шешу қажеттігін сол аумақта немесе ауданда тұратын адамнан артық ешкім білмейді. Мен тұрғындармен кездесу кезінде нақты ақпарат алатыныма талай рет көз жеткіздім. Мұндай кездесулердің қаншалықты пайдалы екендігі жөнінде сұрақ қойған жанмен толық келісемін. Әрине, жұмыстың бұл түрі одан әрі жалғасатын болады. Мен өзім ашықтықты әрі қала тұрғындарымен еркін әңгімелесуді қолдаймын», - деді Б. Сағынтаев.

 

Тамыз айынан бастап өткен жылдың соңына дейін Алматы әкімі қала тұрғындарымен 16 кездесу (әр ауданда екі рет) өткізді, бұл тұрғындарды толғандыратын сұрақтарды тыңдауға мүмкіндік берді. Бұдан өзге, алматылықтар әкімнің жұмыс сапары кезінде өтініштері мен тілектерін білдірді.

 

«Біз мұндай кездесулерді осы жылдың екінші тоқсанынан бастап жалғастыруды жоспарлағанбыз, бірақ пандемияға, елде төтенше жағдайдың жариялануына және коронавирустың алдын-алудың карантиндік шараларына байланысты оларды тоқтатуға тура келді. Әзірше азаматтарды қабылдау онлайн-байланыс арқылы жүргізілуде. Бұдан өзге, «Алматы» телеарнасының алаңында мен сіздердің сұрақтарыңызға үнемі жауап беретін боламын», - деп атап өтті Алматы әкімі.

 

Еске салсақ, қалалық және аудандық әкімдіктердің, басқармалардың әлеуметтік желілеріндегі ресми аккаунттарға келіп түскен барлық өтініштер мен шағымдарды «Опен Алматы» операторлары қарайды. Олардың әрқайсысына жауаптар беріледі.

 

Бұл Akimat Live бағдарламасының үшінші эфирі, оның барысында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев қалаға қатысты жалпы тақырыптар бойынша 20-дан астам өзекті сұрақтарға жауап берді. Алматылықтарды қалаға бірнеше жыл бұрын қосылған ықшамаудандардағы сумен жабдықтау, жарықтандыру, жол салу мәселелерінің қалай шешіліп жатқандығы және белгіленген жоспарлардың орындалуына індеттің қаншалықты әсер еткені қызықтырды.

 

Өткен аптада Алматы әкімі КВИ-ге қарсы жүргізілген пәрменді іс-шаралар туралы айтып, қалалықтардың ең өзекті сұрақтарына жауап берген болатын.

  «« | »» «  | Барлық жаңалықтар


Мемлекет басшысы Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевты қабылдады »»
09 қыркүйек 2020 - 17:02
Президентке Алматы қаласының эпидемиологиялық жағдайы және коронавирус індетінің болуы ықтимал екінші толқынына дайындық жұмыстары туралы баяндалды.   Мемлекет басшысына қала тұрғындарын жұмыспен қамту және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға көмек көрсету туралы ақпарат берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев Президенттің Қазақстан халқына Жолдауындағы міндеттемелердің толық әрі бұлжытпай орындалуы керек екенін атап өтті. Мемлекет басшысы ә...
Алматы қаласының Мәдениет нысандары карантин шараларын сақтай отырып, штаттық режимде жұмыс істеуде »»
08 қыркүйек 2020 - 15:59
Алматы қаласының бас санитарлық дәрігері Ж.Бекшиннің қаулысына сәйкес, карантиннің жеңілдетілуіне байланысты 1 қыркүйектен бастап қалада мұражайлар, кітапханалар мен хайуанаттар бағы қалыпты режимде жұмыс істей бастады.   «Алматы қ. музейлер бірлестігі» КМҚК (Алматы мұражайы, Ықылас атындағы ұлттық аспаптар Мұражайы, Д. А. Қонаев  Мұражайы, Н. Тілендиев атындағы Мемориалдық мұражай, С. Мұқанов және  Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби-мемориалдық мұражай кешені, Райымбек батыр дәстүрлі ...
Иесіз электр желілерін қала балансына бергеннен кейін коммуналдық қызметтер сапалы болады: Алматыда жеке шоттарды ашу алгоритмі туралы айтылды »»
07 қыркүйек 2020 - 18:59
Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында, Алматы энерготиімділік және инфрақұрылымдық даму Басқармасының басшысы Әсет Масабаев, «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Берік Сағындықов, иесіз желілерді қала балансына беру кезінде дербес шоттарды ашу алгоритмі туралы айтып берді.   Алматы қаласының әкімшілігі қала тұрғындарының өміріне қолайлы жағдай жасауға, оның ішінде сапалы коммуналдық қызметтерді пайдалану үшін ауқымды жұмыс ...
 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz