^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 18 қараша 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматының қалақұрылысы кеңесі бірқатар жобаларды бекітті

Алматының қалақұрылысы кеңесі бірқатар жобаларды бекітті

Қала құрылысы кеңесінде арнайы жеке мектептің және екі мыңнан астам жұмыс орнын ашатын, кейін оның 100-і тұрақты болатын көппәтерлі төрт тұрғын үй кешендерінің құрылысын салу жобалары мақұлданды. Бұлардан өзге, жеке қаржы есептерінен мектеп жанынан қосалқы нысан және төрт бала бақша салынады, оның екеуі коммуналды меншікке беріледі. Құрылысты жүргізушілер бір жарым мың орынды көлік тұрағын салуға, қаланың екі мың гектардан астам аумағын жасылдандыруға міндеттенді.

Мысалы, Бостандық ауданындағы Еременсай 2/2 ықшам ауданында 528 орынды арнайы жеке физика-математика мектебі салынады, мұнда бастауыш және жоғары сыныптар корпустары, акт және спорт залдары, серуендейтін, ойын жән спорт алаңдары болады. Мектеп тұрмысы төмен отбасы балаларын тегін оқыту үшін жыл сайын 20 гранттан бөледі .Алмалы ауданының Құрманғазы көшесі, 97-нің бойында салынатын әрі қызмет көрсету нысандары болатын көппәтерлі тұрғын үй құрылысының жобасы да қолдау тапты. Бұл жобада бойынша айнала абаттандырылады және әлеуметтік инфрақұрылымдар салынады.

Жиын барысында Медеу ауданының Бекхожин, Бегалин және Қастеев көшелерінің қиылысына салынатын балалар бақшасы мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үйдің концептуалды жобасы бекітілді. Құрылысты жүргізуші өзінің жеке қаржысымен қаланың бір мектебінің жанына қосалқы нысан салып, Бекхожин мен Қаратаев көшелерін қайта жасайтын болады. Бостандық ауданындағы Гагарин, Левитан, Радостовец, Дунаевск көшелері маңында бой көтеретін, бала бақшасы мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй салу жобасы да қолдау тапты. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемесі кейін коммуналды меншікке беріледі. Осы ауданда Каблуков, 97 а көшесінің бойында түрлі нысандары мен паркингі бар көппәтерлі тұрғын үй кешені салынатын болады.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56