^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 24 тамыз 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Ерекеше білім алу қажеттіліктері бар балаларға түзете оқыту көмегін көрсету жүйесі туралы ақпарат

Ерекеше білім алу қажеттіліктері бар балаларға түзете оқыту көмегін көрсету жүйесі туралы ақпарат

Егер ата-аналарда өз баласына қатысты төмендегідей қиыншылықтар туындаса:

•психикалық дамуы мен сөйлеу тіліндегі тежелістер;

• сөйлеу тілі, зейін және есте сақтау қабілеттеріндегі бұзылыстар;

•психикалық дамуы және сөйлеу тіліндегі ауытқулармен қатар көру, есту қабілеттері,тірек-қимыл аппаратындағы бұзылыстар;

•мектептегі үлгермеу;

•мінез-құлық мәселелері мен қарым-қатынас қиындықтары;

•эмоциялық-тұлғалық мәселелер (қорқыныш, қобалжу, агрессивтілік)

психологиялық-медициналық- педагогикалық кеңестен өзіне қажетті көмек түрін алады.(одан әрі):

Ол үшін не істеу керек?

Ата-ана тарапынан ерекше қажеттілігі бар баланы кеңестен өткізу үшін, қабылдауға жазылу керек. Алматы қаласында 5 психолиялық- медициналық- педагогикалық кеңес жұмыс жасайды:

№1 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес

( Торайғыров көш; 1үй, .Каблуков көш қиылысы, №1мектеп- интернатының ғимаратында, тел.227-62-61). Ауэзов және Бостандық аудандарының тұрғындары үшін.

№2 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес

(Жангелдин көш; 27үй , Әшімбаев көш қиылысы, №2перзентханаға қарама-қарсы, тел.397-41-55). Медеу және Алмалы аудандарының тұрғындары үшін.

№3 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес

(Физули көш; 71үй, тел.351-33-08) Турксіб және Жетісу аудандарының тұрғындары үшін.

№4 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес

(Федченко көш; 2Б үй, №1оқушылар үйі ғимаратында орналасқан, тел.384-69-50) Ауэзов және Алатау аудандарының тұрғындары үшін .

№5 Психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес

( Акжар ықшам ауданы, Абай көш; .15 үй , т.360-45-82) Наурызбай аудандарының тұрғындары үшін.

Мамандардың кешенді түрдегі тексерісінен кейін баланың дене және психикалық дамуының бұзылыстары туралы қорытынды жасалып, ата-аналарға баласын медициналық, білім беру және әлеуметтік қызметтер бойынша ұсынымдар; арнайы ұйымдарда білім беру ұйымдарына, арнайы оқыту және тәрбиелеу мәселелері бойынша кеңес беріледі.

ПМПК ға келген әрбір баланың даму динамикасы, аталған мекеменің мамандарының бақылауы мен назарында болады.

ПМПК-ның қорытындысы және нұсқауы негізінде баланы тиімді оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын анықтау мақсатында диагностикалық топтарға және психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттеріне жолдай алады.

Қазіргі кезде Алматы қаласының әрбір ауданында 8 психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттері, 6 диагностикалық топтар жұмыс жасайды. Психологиялық- педагогикалық түзету кабинеттеріне қабылдау жыл бойы жүргізіледі.

№1ППТК - №116 мектептің ғимаратында , 8ы.а , 46үй, тел. 249-10-65;

№2 ППТК - Жангельдина,27көш,.Әшімбаев көш қиыл, 397-41-55;

№3 ППТК – Физули көш 71 үй, тел.393-29-68;

№4 ППТК - №63 мектептің ғимаратында, Каблуков көш, 88 үй,тел 376-58-29;

№5 ППТК - №128 мектептің ғимаратында, Жароков көш, 18үй, тел 269-80-31;

№6 ППТК - №112 мектептің ғимаратында,Ратушный көш, 131, тел 229-03-16;

№7 ППТК - №1 оқушылар үйі ғимаратында , Федченко көш, 2б, тел. 399-97-39;

№8 ППТК –№174 мектептің ғимаратында, Шуғыла ы.а, 340 Б үй , т.351-79-57.

Алматы қаласы бойынша, тілінде кемістігі бар, құлағы нашар еститін немесе естімейтін, көзі нашар көретін,тірек- қимыл аппараты бұзылған, ақыл-ойы зақымдалған балаларға арналған арнайы мектепке дейінгі ұйымдар мен арнайы мектептер бар.

Балалардың контингентін толтыру психологиялық-медициналық-педагогикалық кеңес қорытындысы негізінде жүргізіледі. Балаға тегін түрде түзету көмегін беру туралы шешімді қабылдау берілген құжаттар негізінде, ата-аналармен сұқбаттасу және әр баланы тексерістен өткізу барысында ПМПК-да болады.

Балаларды қабылдау ата-аналардың (не олардың орнындағы тұлғалардың) қатысуымен болады.

Алматы қаласында 18 арнайы білім беру мекемелері жұмыс жасауда, бұның ішінде(10 мектепке дейінгі арнайы мекемелер, 8 арнайы мектеп- интернаттары).

2017 ж «Алматы қалалық мүмкіндігі шектеулі балалардың қоғамға бейімдеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сайты www.special-child.kz ашылды. Бұл сайтта ата-аналар өздеріне керекті мәліметтер мен сұрақтарына жауап ала алады.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56