^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сенбі, 24 тамыз 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматы әкімдігінде тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарының болмайтыны айтылды

Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов мегаполистің тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарының болуы мүмкін деген сөздің жалған екенін айтты.

«Алматы қаласы әкімдігінде бұл туралы шешім қаралған жоқ, сондықтан тұрғын үйлер аулаларында ақылы көлік тұрақтарының бомайтынын барша жауапкершілікпен айтамын. Аула аймақтарында көліктер проблемасын шешу үшін біз абаттандыру ережесіне өзгерістер енгізуді қарастырып жатырмыз, яғни тұрғындардың жалпы шешімі бойынша ПИК-тер арқылы шлагбаумдар орнатылуы мүмкін», - деді М.Исахов.

Ол шлагбаум қойылған кезде арнайы көліктер- өрт сөндіруші, жедел жәрдем техникалары аулаға еш кедергісіз кіре алатынын жария етті. Алматы қаласы Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы биылғы жылдың екінші тоқсанында жаңа ереже жасау жоспарланғанын хабардар етті.

Айта кетерлігі, қалада соңғы екі жыл ішінде 700 –ден астам, яғни әрбір бесінші алматылық аула жөнделді. 2018 жылы тағы да 500 аула жаңарып, балалар және спорт алаңдары пайда болып, тренажерлер ойын кешендері жұмыс істейді.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56