^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 маусым 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасының қорытындысы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы негізінде 2018 жылы қаңтар айының 11-15 күндері аралығында математика, физика және информатикадан XIV Халықаралық Жәутіков олимпиадасы өтті.

Бұл зияткерлік олимпиадаға 73 команда (482 оқушы) қатысты, оның ішінде:

 50 команда 15 шетел мемлекеттерінен, 317 қатысушы;

 23 команда Қазақстан Республикасынан, 165 қатысушы.

Алматы қаласынан2 мектеп және 1 құрама командаларынан 21 оқушы №№39, 134, 165, 178 лицейлерден, «Білім инновация» лицей-интернаттан, «Тамос Эдьюкейшн» физика-математикалық мектептен және «Haileybury Almaty»қатысты.

Олимпиаданың қорытындысы бойынша 10 оқушы жүлделі орындарға ие болды (1 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль).

Алтын медаль:

- Асматуллаев Рахман, №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, математика.

Күміс медаль:

- Цехавой Алексей, №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, математика;

- Құсайынов Жанболат, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, информатика;

- Билялов Шыңғыс, «Haileybury Almaty» жекеменшік мектебінің 11-сынып оқушысы, математика;

- Жолдасов Қуаныш, №39 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, математика

Қола медаль:

- Зиманов Алихан, «Тамос Эдьюкейшн» физика-математикалық мектебінің 10-сынып оқушысы, математика;

- Шишкин Багдат, №165 мамандандырылған лицейдің 11-сынып оқушысы, физика;

- Алуадин Айдын, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, информатика;

- Шынтас Нұртас, «Білім-инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы, математика;

- Гаитов Рашид, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы, физика.

Аталған олимпиадаға:

- 2016 жылы 22 оқушы қатысып, оның 8-і (36%) жүлдегер болса (2 күміс, 6 қола медаль);

- 2018 жылы21 қатысушының 10-ы (48%) жүлдегер атанды (1 алтын, 4 күміс, 5 қола медаль).

Үш жылдың ішінде жүлделі орындардың саны 12 пайызға артты.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13