^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Бейсенбі, 27 маусым 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда осы жылдың сәуірінен бастап жылу тарифі артады деген хабар шындыққа жанаспайды

Өткен бейсенбі күні бірқатар БАҚ таратқан Алматыда осы жылдың сәуірінен бастап жылу жылуэнергиясының тарифі артады деген хабар шындыққа жанаспайды

«Алматы қаласында 2018 жылы жылу энергиясының тарифі ешқандай көтерілмейді. Жылу мен ыстық су мөлшері «Алматы жылу жүйелері» ЖШС үшін ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәскелестік пен тұтынушылардың құқығын қорғау Комитеті Департаментінің 2017-2021 жылдар ішінде Алматы қаласына қатысты 2017 жылдың ақпан айында бекітілген бұйрығы бойынша жүзеге асуда», – деп хабарлады Табиғи монополияларды реттеу, бәскелестік пен тұтынушылардың құқығын қорғау Комитеті Департаментінің орынбасары Бауыржан Қайырбек.

Монополияға қарсы департамент өкілі қазіргі кезде бір гигакалория құныа 6 055,84 теңге екенін айтты. Осы тарифтік өлшем биылғы жылдың аяғына дейін сақталатын болады.

Сонымен қатар ол стратегиялық отынға көтерме сауда бағасы жоғарылайтын болса әрі ТЭЦ пен қазақнықтарға қажет жылуэнергиясының көлемі артса, онда қызмет көрсету артуы мүмкін екенін де айтты.

«Алматы жылу жүйелері» бойынша өзге көтерме бағалар қарастырылмаған деп атап өтті Б.Қайырбек.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу, бәскелестік пен тұтынушылардың құқығын қорғау Комитетінің Алматы қаласы бойынша Департаментінің Баспасөз қызметі

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13