^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 24 қыркүйек 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда Алтынсарин көшесі бойында жер асты газ құбырын жаңарту басталды

Алматыда «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ-ы Алматы өндірістік филиалының тапсырысы бойынша Алтынсарин көшесі бойымен өтетін «Орта қысымдағы жер асты газ құбырын жаңарту» жобасы қолға алынды.
Жандосов көшесінен басталатын газ құбырының жалпы ұзындығы 2,8 шақырым. Жаңа газ құбыры алматылықтарды газбен тұрақты әрі үздіксіз қамтамасыз ететін болады.
Жоба бойынша қайта жасау жұмыстары Алтынсарин көшесі бойымен Жандосов көшесінен Жұбанов көшесінен дейін солға қарай жолдың батыс жағын қамтиды. Атқарылатын жұмыс ені 5 метр.
Жаңарту жұмыстарын биылғы жылдың 16 шілдесінде аяқтау жоспарланған.
Назарларыңызға, Алтынсарин көшесінің кейбір учаскелерінде жөндеу жұмыстары жүретіндіктен оңтүстік бағытта (батыс жағында) көлік қозғалысы жабылатындықтан қиынджықтар туындауы мүмкін. Сонымен, көлік қозғалысы жабылатын учаскелер:
1) Жандосов көшесінен Шаляпин көшесіне дейін 4 сәуір мен 16 мамыр аралығы;
2) Шаляпин көшесінен Абай даңғылына дейін 6 сәуір мен 25 мамыр аралығы;
3) Абай даңғылынан Жұбанов көшесі бойымен 21 мамыр мен 18 маусым аралығы;
4) Жұбанов көшесінен Абай даңғылына қарай 28 мамырдан 16 шілдеге дейін.
Қала тұрғындарына барынша қолайлы болу үшін жаңарту жұмыстары сегмент бойынша, яғни әр 100 метр сайын атқарылып, қазылған аймақтардың үсті жабылып, асфальт төселеді, бұлар мына учаскелер: Жандосов көшесінен солтүстік бағытта Абай даңғылына дейін, Абай даңғылынан оңтүстік бағытта Жандосов көшесіне дейін. Осылайша Абай даңғылынан Жұбанов көшесіне дейін жүреді.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56