^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 16 қазан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗ

Қаланың білім басқармасы Алматы қаласының мемлекеттік бас санитарлық дәрігерінің Қаулысы негізінде мектеп жанындағы және қала сыртындағы сауықтыру лагерьлерінің жұмысы 2018 жылдың 18 маусымына ауысқандығын хабарлайды. Оқушылар мен олардың ата - аналарының қалауын ескере отырып, мектеп жанындағы лагерьлер биылғы жылдың 10 шілдесіне дейін жұмыс істейтін болады.

Өз кезегінде Алматы қаласының қоғамдық денсаулықты сақтау Департаменті бүгінгі күні тұрғындар арасында менингоктік инфекцияға қатысты эпидемиологиялық жағдайдың тұрақсыз екенін хабарлады.

«Біз расында да ауруға қатысты жағдайға алаңдаушылық білдірудеміз. Сауықтыру лагерьлерінің жұмыстарын ауыстыру профилактикалық мақсат үшін ғана жасалды. Аурудың алдын алатын барлық қарапайым ережелерді сақтауды ұсынамыз. Бірінші кезекте катаральды белгісі бар сырқат жандардан аулақ болған жөн. Әркім жеке гигиенаны сақтауы тиіс. Көкөністер мен жемістерді барынша таза жуып, азық - түлікті алмастырмай, қайнаған және бутилирлі суды ғана ішу керек. Жабық әрі дұрыс желдетілмеген ғимараттарда ұзақ отырмау қажет», -деп атап өтті Алматы қаласының қоғамдық денсаулықты сақтау Департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56