^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 6 желтоқсан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Нұрәлі Әлиев Қазақстандағы қар барыстарын құтқару бойынша «Kingdom of Snow Leopard» жобасын жария етті

Гинесстің Рекордтар кітабына енген танымал саяхатшы Йохан Нильсон Қазақстандағы алғашқы халықаралық “Snow Leopard Foundation” қорының тұңғыш елшісі атанады.

Алматыда жеке халықаралық «Snow Leopard Foundation» қорының таныстырылымы өтті, оның негізін қалаушы әрі құрылтайшысы - ірі қазақстандық бизнесмен, меценат және қоғам қайраткері Нұрәлі Әлиев.

Қордың ашылуына орай өткен салтанатты Гала-кешке қоршаған ортаны қорғау жөніндегі халықаралық ұйымдардың өкілдері, жетекші ғалым-зоологтар, Швециядан, АҚШ-тан, Қытай мен Ресейден, Монакодан, Біріккен Араб Эмиратынан, Нидерландиядан, Македония мен Даниядан, Франция мен Түркиядан келген құрметті қонақтар, мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі қазақстандық және шетелдік бизнесмендер, отандық және шетелдік қайраткерлер қатысты.

Жаңа халықаралық қордың негізін қалаушы Нұрәлі Әлиевтің жеке шақыруы бойынша алқалы шараға голливуд актері Эдриан Броуди, танымал швед саяхатшысы Йохан Нильсон, «Paradise International Foundation» Джека Ма қорының вице-президенті Ван Дэчжи, Монако Альберт II принці қорының өкілі Гэтсби Милютэн және басқалары қатысты.

Өзінің құттықтау сөзінде Нұрәлі Әлиев осы қорды құру туралы идеяны ұзақ ойлағанын, Қазақстандас ілбістердің танымал болуына ықпал ететін жүйені қалыптастыру қажет екенін айтты.

«Қар барысы Тәуелсіз Қазақстанның символы болып табылады. Алайда, жарты ғасыр ішінде бұл аңдардың Қазақстанда көбеюі 40%-ға қысқарған», - деп атап өтті ол.

Н.Әлиев «Snow Leopard Foundation» қоры Ққазақстанда қар барыстарын көбейтудің ТМД елдері ішінде алғашқы қоры екенін қадап тұрып айтты.

Белгілі болғанындай, «Kingdom of Snow Leopard» құнды бағдарламасы аясында Іле Алатауы ұлттық табиғи паркі аумағындағы 500 гектардан астам жерге қар барысын өсіру және бейімдеу жөніндегі Орталық салу жоспарланған. Орталықта келу, көру алаңдары болады, мұнда келгендер қауіпсіз жерден қар барыстарын көре алады.

«Көп жылдар бойына қар барыстарын қорғау және сақтау жұмыстары олардың қанша екенін санаумен ғана шектеліп, тіпті бұл аң жоғалып кете жаздады. Біз бұл жобаның ірбістердің қайта түлеуіне ықпал ететініне сенімдіміз», - деді «Snow Leopard Foundation» қорының атқарушы директоры Е.Еркінбеков.

Жоба барысында қар барысын қорғау жөнінде жаңа ғылыми орталықтың зерттеулері жүргізіледі. Зоология институтының териология бөлімінің меңгерушісі, ғалымдар әулетінің өкілі, өмірінің көр жылын қар барысын зерттеуге арнаған Алексей Грачев өзінің сөзінде «Snow Leopard Foundation» қорының ғылыми тұрғыда жұмыс жасайтынын айтты.

Жобаның таныстырылымында Н.Әлиев қар барысының мемлекеттік шекараларды аттап өтетінін жеткізді. Ол түрлі елден ұшып келген кеш қонақтарын күш біріктіріп, осынау киелі аңды сақтап қалуға және «Snow Leopard Foundation» қорын дамытуға шақырды.

Өз кезектерінде ПРООН, Табиғатты қорғаудың халықаралық одағы, WWF жабайы табиғаттың Дүниежүзілік қоры, «The Paradise International Foundation» қоры және басқалары жаңа қорға эксперттік және консультациялық қолдау көрсетуге дайын екендіктерін жеткізді.

«Әлем бойынша 4000–тан астам ірбіс бар, соңғы 16 жылда олардың қатары 20%-ға сиреді. Қазақстанда олардың саны 3% ғана. Қзақстан өзінің экологиялық дәліз екенін дәлелдеді. Арелды бөлшектеу осы аң түрінің жойылып кетуіне әкеліп соғады. Қазақстанда «Қар барысын өсіру Орталығы» өте құнды болмақ, сондықтан барлық халықаралық табиғатты қорғау қоғамдарының, ұйымдарының атынан Нұрәлі Рахатұлы Әлиевке осы жоба үшін алғыс білдіремін», - деп атап өтті WWF Орта Азия бағдарламасының директоры Григорий Мазманянц.

Шара Нұрәлі Әлиев қонақтарға «Snow Leopard Foundation» қорының жаңа елшісі Йохан Нильсонды таныстырды, ол шетелде қордың мүддесін қорғайды. Йохан Эрнст Нильсон Табиғатты қорғаудың Халықаралық одағының елшісі, Неаполдың дербес ерігінің құрметті елшісі, «Everest Summiteers Association» швед ассоциациясының президенті, «Aidbox» компаниясының негізін қалаушы. Саяхатшы әлемнің 145 елінде болып, 30–дан астам экспедицияға қатысқан, Оңтүстіктен Солтүстік полюске жасаған сапары 18 айға созылған, бұл сапар 2015 жылдың Гинесстер Кітабына жазылған.

Гала-кеште Йохан Нильсон: «Кезінде космосты игеру мүмкін емес дедік, адамзат оны бағындырды. Сондықтан мен ешқашан «мүмкін емес» деген сөзді айтпаймын. Бұл жоба әлемде алғашқы, оны қру мен жүзеге асыру құрметке лайық», - деді.

Өзге шетелдік қонақтар басқа елдерде қордың қалай жұмыс істейтінін, оның табиғатты қорғау жобаларына оң ықпал ететінін айтты. Қытайда Халықаралық «The Paradise International Foundation» қорын суретшілер, кәсіпкерлер Джекм Ма мен Пони Ма басқарады, 2015 жылы жалпы алаңы 400000 шақырым болатын 5 қорық ашқан.

«Ірбіс- Қазақстанның символы, ал панда Қытайды айшықтайды. Символикалық мәні бар аңдарды қорғау әлемнің табиғатты қорғау қызметінің басты міндеті. Қытай қар барысын сақтауға да мүдделі, бұл ерекше аң біздің елде де өмір сүреді. Біздің қорымыз «Snow Leopard Foundation» қорымен жұмыс істеуге ниетті. Тәжірибе алмасып, біріміздін біріміз көп нәрсені үйренеміз. Қар барысын өсіру мен сақтауда бірігіп жұмыс істесек, ұтамыз» -, деді «The Paradise International Foundation» қорының вице- президенті, аға ғылыми қызметкер Ван Дэчжи.

Салтанатты кеш соңында қайырымдылық аукционы өтті, онда Геннадий Головкиннің автографы жазылған боксерлік қолғабы, Александр Винокуровтың қолтаңбасы бар велосипед, Дубайдағы бес жұлдызды отелде болатын екі күндік саяхат, Йохан Нилсонмен Африкаға саяхат жолдамалары, Джейкоб Арабо мен Jacobs and Co компаниясының эксклюзивті сағаттары, Монако принцімен кездесу үшін Монакоға екі адамға жолдама, DJ Smash бейресми сабағы, Эдрианом Броуди картиналары лоттарға қойылды. Барлық лоттар кеш қонақтарына 1 528 000 АҚШ долларына сатылды. Одан түскен қаржының барлығы «Kingdom of Snow Leopard» Орталығының құрылысын салуға кетеді.

Анықтама: Қар барысы немесе ірбіс (Panthera unica) – біздің елімізде мысық тұқымдастар қатарына жатады. Ірбіс Табиғатты қорғаудың халықаралық ұйымының Қызыл кітабына және 12 елдің - Қазақстанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның, Тәжікстанның, Ауғанстанның, Пәкістанның, Индияның, Непалдың, Бутанның Қытайдың, Монголия мен Ресейдің ұлттық Қызыл кітаптарына жазылған. 2013 жылы Қазақстан «Қар барысын және оның экожүйесін сақтаудың жаһандық бағдарламасына» қосылған еді. 2015 жылы ҚР ҒБМ Зоология институтында «Қар барысының мониторинг Орталығы» құрылды. Дегенмен, бұл аң түрі барған сайын сиреуде. 20-шы жүз жылдықтың соңында қар барысының саны Қазақстанда 180-200 болды. ҚР ҒБМ Зоология институтының мәліметі бойынша 2014 жылы Қазақстанда небәрі 110-130 ірбіс мекендеген.

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56