^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 16 шілде 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
2019 жылға арналған «Техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлар»

Индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасы және халықаралық стандарттар талаптары шеңберінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК «Техникалық реттеу, метрология және сапа менеджменті саласында қызметкерлерді даярлау және біліктілігін арттыру жөніндегі семинарлар» іс-шарасы бойынша оқыту жүргізуді (жыл сайын 1300-ден кем емес маман) жоспарлап отыр.

Семинарлар (3 күндік) ақысыз негізде (тегін) өткізіледі.

Семинарлар техникалық реттеу, метрология және менеджмент жүйелері саласындағы өзекті мәселелерді түсіндіруді көздейді:

  • Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеудің шарттық-құқықтық негізі. ЕАЭО аясындағы Келісімдер.
  • Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігін бағалаудың жаңа типтік схемалары. Сәйкестікті бағалау жөніндегі органдарды Еуразиялық экономикалық одақтың сәйкестікті бағалау жөніндегі органдардың бірыңғай тізіліміне енгізутәртібі, сондай-ақ оны қалыптастыру және жүргізу.
  • Қазақстан Республикасындағы стандарттау жүйесі.
  • Еуразиялық экономикалық одақтағы стандарттау жүйесі.
  • Метрология саласындағы заңнамадағы жаңалықтар.
  • Менеджмент жүйелерін сертификаттау саласындағы жаңа тәсілдер.
  • КО/ЕЭО техникалықрегламенттерінқолдануерекшеліктері.

Семинар жұмысына қатысады:

  • техникалық реттеу және менеджмент жүйелері саласында жұмыс тәжірибесі бар шетелдік дәрісберушілер;
  • Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің бағыттар бойынша жұмыс істеп жүрген сарапшы-аудиторлары;
  • техникалық реттеу және метрология саласында жұмыс тәжірибесі бар мамандар;
  • менеджмент жүйелері саласындағы мамандар.

Семинарға шақырылады:

Мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың өкілдері, кәсіпорындардың, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың, сынақ зертханаларының (орталықтарының), салыстырып тексеру және калибрлеу зертханаларының, стандарттау жөніндегі техникалық комитеттердің, қауымдастықтардың, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, жоғары оқу орындарының мамандары, сондай-ақ барлық мүдделі тұлғалар.

Іс-ш ара аясында кофе-брейк ұйымдастырылады.

Семинар соңындақатысушыларғасертификаттарберіледі.

Семинардыұйымдастырушы:

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің «Қазақстан стандарттау және сертификаттау институты» РМК, Астана қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 11.

Өткізіл етін күні және Институт филиалдарының байланыс телефондары:

Астана қ.

а.ж. 4-6 наурыз

44-64-28, e.tleubayeva@kazinst.kz

Қостанай қ.

а.ж. 12-14 наурыз

8 (7142) 50-20-22, 50-32-51 kostanay@kazinst.kz,kazinst_kostanay@mail.ru

Тараз қ.

а.ж. 26-28 наурыз

( 87262) 43-76-16, taraz_kazinst@mail.ru z hambyl@kazinst.kz

Өскемен қ.

а.ж. 2-4 сәуір

8 (7232) 25-39-36, vko@kazinst.kz

Алматы қ.

а.ж. 9-11 сәуір

8 ( 727) 303-91-52, 303-91-22, almaty_kazinst@mail.ru

Ақтау қ.

а.ж. 13-15 мамыр

8 (7292) 33-52-90,  mangystau@kazinst.kz    kazinstaktau@mail.ru

Атырау қ.

а.ж. 15-17 мамыр

8 (7122) 32 05 11, atyraumemst@mail.ru, atyrau@kazinst.kz

Орал қ.

а.ж. 21-23 мамыр

8 (7112) 50-02-82, 50-09-28, kazinst_zko@mail.ru, zko@kazinst.kz.

Петропавл қ.

а.ж. 28-30 мамыр

8 (7152) 52-88-51, 52-87-72, kazinst.sko@mail.ru,  sko@kazinst.kz

Көкшет ау қ.

а.ж. 5-7 маусым

8 (7162) 40 21 37, 72 21 33, kokshetau@kazinst.kz, kokfil@mail.ru   

Павлодар қ.

а.ж. 6-8 тамыз

8 ( 7182) 32-79-41, 32 40 15, pavlodar@kazinst.kz, pvl_kazinst@mail.ru 

Шымкент қ.

а.ж. 3-5 қыркүйек

8 778 905 27 38, Turkestan.shymkent@kazinst.kz, Standard-777@mail.ru

Қарағанды қ.

а.ж. 17-19 қыркүйек

8(7212) 99-65-39, 99-61-30, karaganda@kazinst.kz

Ақтөбе қ.

а.ж. 1-3 қазан

8 (7132) 55-15-26, aktobe_kazinst@mail.ru, aktobe@kazinst.kz

Қызылорда қ.

а.ж. 23-25 қазан

8 (7242) 90-74-10, kyzylorda@kazinst.kz.

Ұйымдастырушының оқыту семинарларының кестесіне өзгерістер енгізуге құқысы бар.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13