^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 16 шілде 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматыда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті «Е-Халық» цифрлы базасы арқылы алуға қазірдің өзінде 300-ден астам өтініш түскен

Алматыда жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті «Е-Халық» цифрлы базасы арқылы алуға қазірдің өзінде 300-ден астам өтініш түскен. 1,5 мыңнан астам адамға Еңбекпен қамту орталықтарында, ХҚКО-да және қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасының аудандық бөлімдерінде АӘК төлемін алудың жаңа әдістері түсіндірілді.

Алматы қалалық Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы өтініш беру жолдарының жеңілдегенін, енді өтініш берушінің тек жеке куәлігін көрсетуі тиіс екенін атап өтті.

«Тұңғыш Президенттің тапсырмасын орындау аясында 1 сәуірден бастап жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау үшін азаматтарды қабылдау басталды. Атаулы әлеуметтік көмекті есептеудің методологиясы өзгерді. Көмекті белгілеу күнкөріс минимумынан 50 ден 70%-ға ұлғайған. Әр балаға берілетін төлем – 20 789 теңге. Егер бұрын 6 адамнан тұратын отбасы айына 19 мың теңге көлемінде АӘК алатын болса, ендігі төлем 90 мың теңгеден асады», – деп хабарлады қалалық ведомствадан.

Айта кетерлігі, республикалық қолдау шараларынан өзге Алматыда «Бақытты отбасы» қалалық бағдарламасы кең қанат жаюда. Мұнда 7 бағыт бойынша нақтылы 13 шара қарастырылған. Олардың арасында жеңілдетілген ипотека, тегін балабақша, стипендиялар, қайта оқыту және еңбекпен қамту, бірреттік төлем көлемін арттыру бар.

Мысалы,11 наурыздан бастап жылына 2% мөлшермен жеңілдетілген несие алу үшін өтініштер қабылдануда. Бұл маңызды шара Алматының коммуналды тұрғын үй қорынан пәтер алу кезегінде тұрған 1 276 көпбалалы отбасыға қатысты. Алғашқы тұрғын үй жарнасын төлеу үшін 1 млн. теңгенің сертификаты қарастырылған.

Бұлардан өзге, өткен айдан бері қарай көпбалалы отбасылардың екінші баласынан бастап балабақша тегін болуда. Тұрмысы төмен отбасылардың оқу үздіктеріне стипендиялар төленуде. Университеттер мен колледждердің студенттері ай сайын 10 мың теңгеден, ал мектеп оқушылары 5 мың теңгеден алуда.

«Nur Otan» партиясының бастамасымен «Бақытты отбасы - Алматы» қоғамдық қоры өз жұмысын бастады, меценаттардың қолдауымен тұрмысы төмен көпбалалы отбасыларға көмек көрсетілуде.

 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13