^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 16 қазан 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Алматылықтар cайлау учаскесінің мекенжайын SAILAU_ALMATY2019 Telegram-боты арқылы біле алады

SAILAU_ALMATY2019 Telegram-боты (https://web.telegram.org/#/im?p=@Sailau_Almaty2019Bot) алматылықтарға өзін және жақындарын сайлаушылар тізімінен тексеруге, сондай-ақ өз сайлау учаскесінің мекенжайын білуге мүмкіндік береді.

Чат-ботты пайдалану үшін Telegram-ның іздеу жолағына SAILAU_ALMATY2019 атауын жазу, қосылу және «старт» командасын басу қажет. ЖСН енгізілгеннен кейін виртуалды көмекші сайлау учаскесінің нөмірі мен мекенжайын жібереді.

Сұрақтар туындаған жағдайда байланыс орталығына мына нөмір арқылы хабарласып, кеңес алуға болады: + 7 727 224 22 22 (сағат 8.00 - 23.00, демалыссыз).

Сондай-ақ ыңғайлы болу үшін Алматы қаласы әкімдігінің (https://almaty.gov.kz/page.php?page_id=5186&lang=3) және Open Almaty қоғамдық қабылдауының (https://open-almaty.kz/kk) сайттарында арнайы бөлім құрылды, оның көмегімен ЖСН енгізу арқылы өзіңізді сайлаушылар тізімінен тексере аласыз.
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56