^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 15 шілде 2020
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
Бос орындар жәрмеңкесі

Алматы қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы "Еңбек" нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік бағдарламасы аясында Алматы қаласынан Қазақстан Республикасының солтүстік және шығыс өңірлеріне (жұмысқа орналастыруды және жалға берілетін тұрғын үйді қамтамасыз етумен) ерікті аймақаралық қоныс аудару бағдарламасы бойынша бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастырады.

 

Бос орындар жәрмеңкесіне 20-ға жуық компания, сондай – ақ Қазақстан Республикасының Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарының және Қостанай, Павлодар қалаларының жұмыспен қамту орталықтарының директорлары мен мамандары қатысады. Азаматтардың Қазақстан Республикасының басқа қалаларында жұмыс табуға, сонымен қатар "Атамекен" ҰКП, "Qolday" кәсіпкерлік орталығы және "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-дан әрекет ететін бизнесті ашу үшін мемлекеттік бағдарламалар бойынша кеңестер алады.

 

Іс-шараны ұйымдастырушылар: Бостандық ауданы әкімі аппаратымен бірлесіп Алматы қаласы әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы.

Мекен-жайы: Алматы қаласы, Бостандық ауданы, Әл-Фараби даңғылы 71/21,Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ алдындағы алаң.

Күні: 4-5 наурыз 2020 жыл.

Уақыты: сағат 10:00-де.

 

Анықтама телефондары:+7 747 162 90 15 Әуелбеков Дидар

                                         +7 775 463 54 59 Жұмағұлова Жанар

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz