^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 23 шілде 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
31 наурыз 2017
Алматы әкімі қаланың жаңарған сауда базарларының жұмыстарын тексерді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек кезекті көшпелі жұмыс сапарында қаланың жаңарған сауда базарларының жұмыстарын тексерді. Ол «Көк базар» сауда орталығында және заманауи форматтағы «Mizam» атты алғашқы көтерме- тарату орталығында болды.

30 наурыз 2017
Алматы әкімі қоғамдық көліктің Халықаралық одағы бас хатшысының орынбасарымен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек және қоғамдық көліктің Халықаралық одағы бас хатшысының орынбасары Мохамед Мезгани қаланың көлік инфрақұрылымын дамыту мәселелерін талқылады.

18 наурыз 2017
Алматыдағы «Наурызды» мерекелеуге 700 -ден астам артистер қатысатын болады

Алматыда 22 наурызда «Ұлы даланың Наурызы» мерекеленеді. Алғаш рет салтанатты шаралар бірден екі алаңда: «Астана» алаңы мен Атлеттер ауылында өтеді.

24 ақпан 2017
Үндінің «Jaypee Group» ірі компаниясы Алматымен ынтымақтастыққа ниетті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек үнділік «Jaypee Group» конгломератты компаниясының басқарушы директоры Санни Гор мырзамен кездесті. Кездесу Қазақстан мен Индия арасындағы елшілік қарым- қатынастың 25 жылдығы қарсаңында өтті.

24 ақпан 2017
Алматы әкімі Қазақтандағы Австрия Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Австрияның Қазақстандағы Елшісі, сонымен қатар Қырғызстан, Тәжікстан мен Түркменстандағы елшілік қызметті қоса атқарып жүрген Герхард Сайллермен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық мәселелерді талқылады.

20 ақпан 2017
Алматы әкімі мегаполистің 2016 жылғы әлеуметтік – экономикалық дамуын қорытындылады

Республика Сарайында Алматы әкімі Бауыржан Байбектің халық алдында есеп беру кездесуі өтіп, оның барысында мегаполистің өткен жылғы әлеуметтік - экономикалық дамуының негізгі қорытындылары шығарылды, сонымен қатар таяуда және ұзақ мерзімді болашақта атқарылатын жоспарлар туралы айтылды.

17 ақпан 2017
Алматы әкімі Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісімен кездесті

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қазақстандағы Сингапур Республикасының Елшісі Зулкифли Бахарудин мен кездесті. Тараптар сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.

16 ақпан 2017
Француздың «Leroy Merlin» ритейлері Алматыда гипермаркет ашады

Алматы әкімі Бауыржан Байбек «Леруа Мерлен Восток» компаниясы бас директорының орынбасары Марк Лушемен кездесті. Әлемдік алпауыт – «Leroy Merlin» француздың ритейлері Алматыда құрылыс, үйді әрлеу мен жөңдеу тауарларын және 17,5 мың шаршы метр бақшаны өңдеуге қажет заттарды сататын гипермаркет ашады.

15 ақпан 2017
Алматыда Қызыл Крест және Қызыл Жартыай қоғамы Халықаралық Федерациясының Еуропалық конференциясы өтеді

Алматы әкімі Бауыржан Байбек Қызыл Крест және Қызыл Жартыай Қоғамының Бас директоры Елена Киммен кездесті. Кездесу барысында тараптар ұйымның өткен жылғы жұмыс нәтижелерін және болашақта өзара ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелерін талқылады.

09 ақпан 2017
Алматыда 28-ші Бүкіләлемдік Қысқы Универсиада-2017 салтанатты түрде жабылды

«Алматы Аренада» жарысқа қатысушы әрі спорттық доданың бас кейіпкерлері - атлеттерге құрмет көрсетілді. Жабылу рәсіміне ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев, Алматы әкімі Бауыржан Байбек, Халықаралық студенттер спорты федерациясының президенті Олег Матыцин және басқалары қатысты.

Беттер: « 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 »
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56