^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 23 шілде 2019
 
     
 
Баспасөз қызметі / Баспасөз-релиз
28 желтоқсан 2016
Алматы қаласы әкімінің Жаңа жылдық шыршасына 1700 бала қатысты

Қазақ мемлекеттік циркінде Алматы қаласы әкімінің атынан Жаңа жылдық шырша өтіп, оған 1700 бала қатысты, олардың арасында балалар үйлерінің тәрбиеленушілері, ана-ана қарауынсыз қалғандар, мүмкіндігі шектеулі балдырғандар, тұрмысы төмен және көпбалалы отбасылар балалары, оқу үздіктері мен белсенділер және басқалары бар.

26 желтоқсан 2016
Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері Президенттік Жаңа жыл шыршасына қатысты

Алматыда Қазақстан Республикасы Президентінің атынан Жаңа жылдық шырша өтіп, оған 200 бала - ата-ана қарауынсыз қалғандар мен балалар үйлерінің тәрбиеленушілері қатысты. Көңілді мерекеге келген балдырғандарды видеокөрініс арқылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев құттықтады.

26 желтоқсан 2016
«Самрұқ-Қазына» мен алматылық кәсіпорындар 5 млрд. теңгенің келісіміне қол қойды

Алматыдағы «Инновациялық технологиялар паркі» орналасқан Арнайы экономикалық аймақта «Мемтапсырыс-2017» акциясы аясында кеңес өтті. Оның жұмысына Алматы әкімі Бауыржан Байбек, «Самрұқ-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ы басқармасының төрағасы Өмірзақ Шүкеев, 12 ұлттық компаниялар, соның ішінде «Air Astana», «КазМунайГаз» басшылары мен мегаполис нарығында қарқынды жұмыс істейтін 44 IT-компаниялардың өкілдері қатысты.

22 желтоқсан 2016
Алматыда өңірдің бай тарихи-мәдени мұрасын кеңінен көрсететін қаланың жаңа мұражайы ашылды

Оңтүстік астанада 1892 жылы француз архитекторының жобасы бойынша салынған әрі мегаполис орталығында орналасқан нысанда Алматының жаңа мұражайы салтанатты түрде ашылды. Аталған мәдени шараға қала басшылығы, ғылым мен шығармашылық зиялы қауым өкілдері, қаланың құрметті азаматтары, жастар және басқалары қатысты.

22 желтоқсан 2016
Қала әкімі Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консульдігінде болды

Қала әкімі Бауыржан Байбек Алматыдағы Ресей Федерациясының Бас консульдігінде болып, Ресейдің Түркиядағы Елшісі Андрей Крыловтың қайтыс болуына орай көңіл айту Кітабына қайғыға ортақ екендігі туралы жазу қалдырды.

19 желтоқсан 2016
Алматыда «Спартак» стадионында мобильді жасанды мұз жолын жасау жөніндегі жоба жүзеге асты

28- ші Бүкіләлемдік қысқы Универсиад аға дайындық барысында оңтүстік астана әкімдігінің қолдауымен конькийшілердің Ұлттық Федераци ясы, «Mega Ice» компаниясы мен Абай атындағы ұлттық педагогикалық университеті Алматыдағы Орталық мәдени және демалыс саябағындағы «Спартак» стадионында мобильді жасанды мұз жолын жасау жөніндегі жобаны жүзеге асырды.

16 желтоқсан 2016
Алматыда ҚР Тәуелсіздік Монументіне салтанатты түрде гүл шоқтары қойылды

Алматыда Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Тәуелсіздік Монументіне сатланатты түрде гүл шоқтары қойылды.

14 желтоқсан 2016
Алматыда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орайластырылған салтанатты жиын өтті

Жиын барысында Мемлект басшысының Жарлығына сәйкес еліміздің дамуына елеулі үлес қосқан алматылықтарға мемлекеттік марапаттар тапсырылды.

14 желтоқсан 2016
Алматыда ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін жаңа Орталық ашылды

Бүгін Алматы әкімі Бауыржан Байбек ерекше қамқорлықты қажет ететін балалар үшін №7 психологиялық- педагогикалық коррекциялы жаңа кабинеттің ашылуына қатысып, оның жұмысымен танысты. Алатау ауданындағы Оқушылар үйінің ғимаратында ашылған бұл Орталық қалалық Білім басқармасы мен «Болашақ» қайырымдылық қорының бірігіп жұмыс істеуі арқасында жүзеге асты.

13 желтоқсан 2016
Алматыда Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы заңды ұлықтайтын ескерткіш тақта ашылды

Алматыда Қазақ ССР-інің бұрынғы Үкімет үйі (ҚБТУ) қабырғасында 1991 жылдың 16 желтоқсанында қабылданған «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Конституциялық заңды ұлықтайтын ескерткіш тақтаның ашылу салтанаты өтті.

Беттер: « 10 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 »
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56