^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 21 қараша 2018
 
     
 
Әлеуметтік сала / Әлеуметтік қорғау
Беттер: 1 2 »

 

 

 

Әлеуметтік қамсыздандыру:

Атаулы әлеуметтік көмек

  • Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 17 шiлдедегi «Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы» Заңына сәйкес жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 50 % аспайтын азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек көрсетіледі. 2018 жылдың 4 тоқсанына күнкөріс деңгейінің көлемі 31 838 теңгені құрайды.

Атаулы әлеуметтік көмек (әрі қарай - АӘК) шартсыз және шартты ақшалай көмек болып екіге бөлінеді.

Шартсыз ақшалай көмек отбасында еңбек етуге қабілетті мүшелері болмаған кезде немесе отбасының еңбекке жарамды мүшелері объективті себептер бойынша жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатыса алмайтын (мысалы, жеті жасқа дейінгі балаға қарап отырған жалғыз басты аналарға, бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, зейнеткерлерге және т.б.) отбасыларға беріледі. Мұндай отбасыларға жұмыспен қамтудың белсенді шараларына қатысу талап етілмейді.

Шартсыз ақшалай көмек ағымдағы тоқсанға тағайындалып, ай сайын төленеді.

Шартты ақшалай көмек отбасы құрамында кем дегенде бір еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшесі бар отбасыларға көрсетіледі. Шартты ақшалай көмек алу үшін отбасының барлық еңбекке қабілетті жұмыссыз мүшелері жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуы міндетті шарт болып табылады.

Шартты ақшалай көмек тағайындау үшін әлеуметтік келісімшарт жасасу міндетті болып табылады. Шартты ақшалай көмек алушылармен әлеуметтік келісімшарт алты айға жасалады және қажет болған жағдайда қосымша алты айға дейін ұзарту мүмкіндігі бар.

АӘК-ті тағайындау үшін Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына барып өтініш білдірту керек, Сізге сол жерде түсініктеме беріп, қажет болған жағадайда әлеуметтік бейімдеу шараларын ұсынады.

АӘК-ті ресімдеу үшін өтініш беруші белгіленген үлгіде өтініш ұсынады және мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

1) отбасы құрамы туралы мәліметтер;

2) адамның (өтініш берушінің отбасы мүшелерінің) тапқан табысы туралы мәліметтер;

3) жеке қосалқы шаруашылығының бар-жоғы туралы мәліметтер;

4) жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысқан жағдайда, әлеуметтік келісімшарттың көшірмесі;

5) өтініш берушінің (отбасы мүшелерінің) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжаттың көшірмесі.

Әлеуметтік көмек түрі жөнінде қосымша түсініктеме алу үшін тіркелген тұрғылықты мекенжай бойынша Басқарманың аудандық бөліміне (мекенжайы Басқарманың сайтында көрсетілген) хабарласуға, немесе түсініктемені алу үшін Алматы қалалық Халықты жұмыспен қамту орталығына (мекенжайы: Назарбаев д-ы, 50, тел: 341-06-70, 341-04-60) хабарласу қажет.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына көрсетілетін әлеуметтік көмек

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысына, Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі № 347 «Алматы қаласында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы», сәйкес, Алматы қаласы бойынша келесі әлеуметтік көмектер көрсетіледі:

1. Жарты жылда бір рет көрсетілетін мөлшері 7 айлық есептік көрсеткішті құрайтын (немесе 16 835 теңге) әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күн көріс деңгейінің 3 есе мөлшерінен аспайтын азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын, Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге;

- арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алмайтын жас ерекшелігі бойынша мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алатындарға;

- бүйрек қызметінің созылмалы жеткіліксіздігімен ауыратын бірінші топтағы мүгедектерге;

- Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған тұлғаларға, сондай-ақ 1941 жылдың 22 маусымы мен 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кем дегенде алты ай еңбек еткен (қызмет атқарған) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі және мінсіз жауынгерлік қызметі үшін бұрынғы Кеңестік Социалистік Республикалар Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған, аталған санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатын тұлғаларға көрсетіледі.

2. Әлеуметтік көмек ай сайын 6,5 айлық есептік көрсеткіш (15 633 теңге) мөлшерінде келесі санаттағы азаматтарға көрсетіледі:

- Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;

- Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне;

- Ауғанстандағы соғыс қимылдары кезінде қаза тапқан (хабарсыз кеткен) немесе жаралану, контузия алу, мертігу, аурудың салдарынан қайтыс болған әскери қызметшілердің ата-аналарына, зайыбына (жұбайы);

3. Өрттің немесе табиғи зілзаланың салдарынан зардап шеккен азаматтарға ақшалай төлемдер түрінде әлеуметтік көмек келесі мөлшерлерде көрсетіледі:

баспанасынан айрылғанда, бүлінгенде, елеулі зиян келгенде баспана иесінің отбасына 200 (екі жүз) (481 000 теңге) айлық есептік көрсеткішке дейін;

төтенше жағдай және өрт салдарынан қазалы жағдай орын алғанда қайтыс болған отбасының әр мүшесіне - 50 (елу) (120 250 теңге) айлық есептік көрсеткіш.

Әлеуметтік көмек төтенше жағдай туындаған күннен бастап алты айдан кешіктірілмей көрсетіледі.

4. Жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің екі есе мөлшерінен аспайтын отбасыларға (азаматтарға) жылына бір рет әлеуметтік көмек 10 (он) айлық есептік көрсеткіш (24 050 теңге) мөлшерінде көрсетіледі ;

5. Ыстық және (немесе) суық сумен, газбен жабдықтаудың жеке есептеуіш құралдарын сатып алу, орнату немесе тексеруден өткізу шығындарын өтеуге арналған әлеуметтік көмек жан басына шаққанда орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын төменде көрсетілген азаматтарға бір құрал үшін 2 (екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен аспайтын көлемде көрсетіледі:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);

2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

3) бірінші, екінші және үшінші топтағы мүгедектерге;

4) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге.

Әлеуметтік көмектің аталған түрі ыстық және (немесе) суық сумен және (немесе) газбен жабдықтау құралдарын орнатқан немесе тексеруден өткізген күннен бастап алты айдан кешіктірмей көрсетіледі.

Жоғарыда аталған әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш білдіруші тіркелген мекен-жайы бойынша аудандық бөліміне келесі құжаттармен бірге өтініш толтырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжаттар.

6. Әлеуметтік көмек емдеудің амбулаториялық кезеңінде жүрген және туберкулезге қарсы күрес диспансерінде диспансерлік есепте тұрған туберкулезбен ауырған азаматтарға табысы есепке алынбай, жыл сайын тағайындалып, ай сайын 12 (он екі) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде төленеді (28 860).

7. Жеке тұрғын үй иесіне жалпы басынан үйге дейін газ құбырын орнату және жүргізу шығындарын өтеу үшін әлеуметтік көмек жан басына шаққандағы орташа табысы күнкөріс деңгейінің үш есе мөлшерінен аспайтын келесі санаттағы азаматтарға 1 нүкте үшін 100 % шығыны мөлшерінде:

1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) тұрғын үй көмегін алатын тұрмыс жағдайы төмен азаматтарға (отбасыларына);

2) бірге тұратын төрт немесе одан да көп кәмелет жасына толмаған балалары бар көпбалалы отбасыларына;

3) құрамында бірінші, екінші, үшінші топ мүгедектері бар отбасыларына;

4) мүгедек балаларды тәрбилейтін отбасыларына;

5) Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 маусымдағы «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Заңының 11 бабының 1 тармағына сәйкес зейнет жасына толған зейнеткерлерге көрсетіледі.

Аталған газ құбырын жалпы басынан үйге дейін орнату және жүргізу шығындарын өтеу біржолғы болып есептеледі және алған өтініш иесіне, отбасы мүшелеріне және онымен бірге тұрақты тұратын адамдарға қайта көрсетілмейді.

Жоғарыда аталған әлеуметтік көме түрлерін алу үшін тіркелеген тұрғылықты мекенжайы бойынша Басқарманың аудандық бөліміне келесі құжаттармен бірге өтініш толтыру қажет:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) адамның (отбасының) құрамы туралы мәліметтерді;

4) адамның (отбасы мүшелерінің) табыстары туралы мәліметтер;

5) өмірлік қиын жағдайдың туындағанын растайтын құжаттар.

8. Санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмек заттай нысанда (Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес анықталған санаторий-курорттық мекемелерге жолдама) немесе ақшалай түрде (Қазақстан Республикасының аумағында санаторий-курорттық емделу үшін кеткен шығынды тиісті қаржы жылына бюджеттік есепті жасау барысында бекітілген жолдаманың құны мөлшерінде өтеу ) мұктаж азаматтардың келесі санаттарына көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, тегін;

2) Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдарға - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

3) Ұлы Отан соғысында қайтыс болған (қайтыс болған, хабар-ошарсыз кеткен) жауынгерлердің қайта некеге тіркелмеген жесірлеріне - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

4) Қайтыс болған соғыс мүгедектерiнiң әйелдерi (күйеулерi), сондай-ақ қайтыс болған соғысқа қатысушылардың, партизандардың, астыртын күрес жүргiзген адамдардың, «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен және «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған, жалпы ауруға шалдығудың, еңбек ету кезiнде зақым алуының нәтижесiнде және басқа себептерге (құқыққа қайшы келетiндерiнен басқаларына) байланысты мүгедек деп танылған азаматтардың екiншi рет некеге тұрмаған әйелдерiне (күйеулерi) - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

5) екiншi дүниежүзiлiк соғыс кезiнде фашистер мен олардың одақтастары құрған концлагерлердiң, геттолардың және басқа да ерiксiз ұстау орындарының жасы кәмелетке толмаған бұрынғы тұтқындарына - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

6) қоршаудағы кезеңiнде Ленинград қаласының кәсiпорындарында, мекемелерi мен ұйымдарында жұмыс iстеген және «Ленинградты қорғағаны үшiн» медалiмен әрi «Қоршаудағы Ленинград тұрғыны» белгiсiмен наградталған азаматтарға - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерінде төлей отырып;

7) жасына байланысты зейнетке шыққан зейнеткерлерге - ең төмен күн көріс деңгейінің үш реттік мөлшерінен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алына отырып, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің есебінсіз алатын зейнетақысының 25 % мөлшерін төлей отырып;

8) мүгедек балаларды санаторий-курорттық ем ұсынатын мекемеде болған кезінде алып жүретін адамдарға, бірақ бір алып жүретін адамнан артық емес - жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмай, Қазақстан Республикасының ішінде санаторлық-курорттық емдеудің шығындарын өтеу түрінде емдеу рәсімдерін ескермей тұру және тамақтануын төлей отырып.

Заттай нысандағы санаторий-курорттық емделуге әлеуметтік көмекті алу үшін өтініш беруші аудандық бөлімге өтінішке қоса мынадай құжаттарды:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат;

3) санаторий-курорттық емделуге жолдама алу үшін анықтаманы (Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген №070/у Форма), осы Қағиданың 40 тармағының 4) тармақшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда;

4) осы Қағиданың 38 тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар, Ұлы Отан соғысы қатысушысының немесе мүгедегінің куәлігі;

5) осы Қағиданың 38 тармағының 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген адамдар, зейнетақы мөлшері туралы құжат;

6) осы Қағиданың 38 тармағының 7) тармақшасында көрсетілген адамдар, осы Қағиданың 1 қосымшасына сәйкес адамның (отбасының) құрамы және адамның (отбасы мүшелері) кірістері туралы мәліметтерді ұсынады;

7) осы Қағиданың 38 тармағының 8) тармақшасында көрсетілген адамдар: ата-анасы - туу туралы куәлік, заңды өкілдері – қорғаншылықты белгілейтін құжат, үшінші бір адам - ата-анасынан (ата-аналарынан) немесе заңды өкілінен алып жүруіне нотариатта куәландырылған сенімхат және уәкілетті органмен берілген балаға мекемеге жолдама көшірмесі.

Тұрғын үй көмегі

Алматы қаласында тұрақты тұратын және тіркелген аз қамтылған азаматтарға Алматы қаласы мәслихатының 2014 жылғы 2 маусымдағы № 232 шешімімен бекітілген Алматы қаласындағы тұрғын үй көмегінің мөлшерін анықтау және көрсету Ережесіне сәйкес тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға жұмсалатын шығыстарды, ағымдағы тұрғын үй коммуналдық қызметтерді, телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін, жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайды пайдаланғаны үшін жалға алу төлемақысын негізінде тұрғын үй көмегі көрсетіледі.

Тұрғын үй көмегін тағайындау үшін отбасы (азамат) аудандық «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпарациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамның филиалы- Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш береді және мынадай құжаттарды ұсынады:

1) өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

2) тұрғын үйге құқық беретін құжаттың көшірмесі;

3) өтініш берушінің тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі немесе мекенжай анықтамасы;

4) отбасының табысын растайтын құжаттар. Тұрғын үй көмегін алуға үміткер отбасының (Қазақстан Республикасы азаматының) жиынтық табысын есептеу тәртібін тұрғын үй қатынастары саласындағы уәкілетті орган белгілейді;

5) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың көшірмесі;

6) коммуналдық қызметтерді тұтынуға арналған шоттың көшірмесі;

7) телекоммуникация қызметтеріне арналған түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі;

8) жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың көшірмесі;

Үйде оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына берілетін жәрдемақы

Алматы қаласы мәслихатының 2013 жылғы 19 желтоқсанындағы № 196 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде жұмсаған шығындарын өндіріп алу туралы» шешіміне сәйкес кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде жұмсаған шығындарын өндіру үшін жергілікті бюджет есебінен тоқсанына 9 айлық есептік көрсеткіш (21 645 теңге) мөлшерінде әлеуметтік көмек төленеді.

Әлеуметтік көмек оқу орнынан алынған анықтамада көрсетілген үйде оқытылатын мүгедек балалардың отбасыларына жеке оқыту жоспары бойынша тағайындалады.

Жәрдемақыны тағайындау үшін «Мемлекеттік корпорацияға «Азаматтарға арналған үкіметке» коммерциялық емес акционерлік қоғамға келесі құжаттарды өткізу керек:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрғылықты тұратын жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы);

3) психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;

4) мүгедектігі туралы анықтама;

5) банк шотының нөмірі туралы мәліметтерді растайтын құжат;

6) мүгедек баланы үйде оқыту фактісін растайтын оқу орнының анықтамасы;


Беттер: 1 2 »
 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13