^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Дүйсенбі, 17 маусым 2019
 
     
 
Қала шаруашылығы / Электр энергиясы / «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ)
«Алатау Жарық Компаниясы» АҚ («АЖК» АҚ)

Мекен жайы: Алматы қ., Манас көш., 24 Б
Байланыс телефоны: (727) 376-18-03 
Факс: (727) 277-54-87 
E- mail: secretary_sb @azhk.kz 
Сайт: www.azhk.kz

«Алматы Пауэр Консолидэйтед» АҚ Қазақстан Республикасының энергетикалық секторын жекешелендіру шеңберінде 1996 жылы құрылған болатын.
Бельгияның «Трактебель С. А.» компаниясы Қазақстанның энергетика нарығынан 2000 жылдың мамырында кеткеннен кейін «АПК» АҚ «Казтрансгаз» ЖАҚ басқармасында болды. 2007 жылдан «АПК» АҚ «Самрұқ-Энерго» АҚ қарауында.
«АПК» АҚ 2009 жылдың наурызында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ болып өзгертілді («АЖК» АҚ)
«АПК» АҚ 2007 жылдың 5 ақпанында қайта құрылуына орай пайда болды:

- «Алматы Электр Станциялары» АҚ («АлЭС» АҚ) – энергия өндіруші компания, оның құрамына ТЭЦ-1, ТЭЦ-2, ТЭЦ-3, Қапшағай ГЭС, Каскад Алматы ГЭС, ЗТК, ЦПВТ кірді.

- «Алматы Пауэр Консолидейтед» АҚ («АЖК» АҚ) – энергия беруші компания, оның құрамына АРЭК, ГЭРС кірді.

«АЖК» АҚ – республиканың оңтүстігіндегі өз қызмет аймағындағы Алматы қаласы мен Алматы облысының өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық кәсіпорындарына, тұрғындарға электр энергиясын тасу және тарату бойынша ірі энергетикалық жүйесі.
«АЖК» АҚ табиғи монополиялар субъектісінің мемлекеттік тізілімінің республикалық бөліміне кіреді.

Компания құрамына кіреді:

- 306,4 шақырым ұзындықта 220 кВ кернеулі электр беру әуе желісі;
- 2640,9 шақырым ұзындықта 110 кВ әуе желісі;
- 35 кВ кернеулі электр желісі – жалпы ұзындығы 2659,1 шақырымды әуелі және кабелді желілер;
- 10/0,4 кВ электр беру бөлу желілері 102,9 шақырымды құрайды.

АЖК балансында бар:

- 35 кВ және одан жоғары кернеулі 208 қосалқы станция;
- 6-10/0,4 кВ кернеулі 8 192 бөлу трансформатор қосалқы станциялары;
- 6 567 МВА қуатты 6-220 кВ – 9 876 трансформаторлардың жалпы саны.

Бүгінгі күні "АЖК" АҚ Алматы аймағының 2,2 миллиондай тұрғынын электрмен қамтамасыз етеді.

«АЖК» АҚ электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниямен (КЕGОC) тығыз байланыс жасайды және Қазақстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Түркменстанның энергетикалық компанияларының сенімді серіктесі болып табылады.

Қызметінің басымды бағыттары:

АЖК тұрғындарға сенімді қызмет көрсетуді басты мақсат тұтады. АЖК өз қызметінің қоршаған орта және қоғаммен үйлесім табуына ерекше мән береді. Электр желілерінде коммерциялық және техникалық жоғалтуларды азайту. Қосалқы станциялардың негізгі құрылғылары жұмысының техникалық көрсеткішін жақсарту. Еңбек қауіпсіздігінің қажетті шараларын сақтау. Қоршаған ортаны қорғау ережесін сақтау. Әлеуметтік қамтамасыз етуге құрметпен қарау.

Өз қызметінде «АЖК» АҚ тұрғындарды сенімді және үздіксіз электрмен қамтамасыз ету сұрағын басшылыққа алады.

Алматы қаласының аудандық электр желілерінің телефондары:

1.АЭЖ-1 241-46-89
2.АЭЖ-2 375-18-81
3.АЭЖ-4 235-85-01
4. АЭЖ -5 375-04-69
5. АЭЖ -7 222-63-91


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13