^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 22 қыркүйек 2020
 
     
 
Қала шаруашылығы / Экология / ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК

Алматы қаласы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Алматы тазалық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын) - шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық – құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- қала көшелерін (жолдарын) жыл бойы күтіп ұстау, бөлінген жолақта қоқыстарды жинау, оны тиеу және қоқыс төгетін жерге шығару, бөлінген белдеулердегі шөптерді шабу және оны жинау, жолдың көлік жүретін бөлігін тазалау және жуу, су ағызатын жыраларды көктемде қардан, жазда қоқыс, балшықтан тазарту, жаяу жүргіншілер жолдарын, қоғамдық көліктердің аялдама кешендерін балшықтан, қардан, қоқыстан және бөтен заттардан тазарту;

- қысқы маусымда тайғаққа қарсы материалдарды дайындау, жолдарды қардан тазалау, жолдарды үйліп қалған қардан аршу, жолдардың жүру бөлігін қарлы жамылғыдан тазалау, үйіліп қалған қарды тазалау, жолдың жүретін бөлігін қардан тазарту, оны мұзға қарсы материалдармен өңдеу және оларды қажетті уақыт өткеннен кейін жолдан тазартып алу, автобус аялдамаларын қар мен мұздан тұрақты тазартып отыру бойынша жұмыстарды орындау.

 

ШЖҚ «Алматы тазалық» МКК директоры: Мырзаханов Ғани Әуезханұлы.

Кәсіпорын орналасқан жері: Көкмайса шағын ауданы, 26Е

Қабылдау бөлімінің телефоны: +7 (727) 252 62 15.

Факс: +7(727) 252 61 12

e-mail: almaty-tazalyk@bk.ru


 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz