^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 6 желтоқсан 2019
 
     
 
Қала шаруашылығы / Экология / ШЖҚ «Алматы Қала Жарық» МКК

ШЖҚ «Алматы Қала Жарық» МКК

Алматы қаласы әкімдігінің «Алматы Қала Жарық» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның ұйымдық - құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады.

Кәсіпорын қойылған мақсаттарды іске асыру үшін келесі қызмет түрлерін жүзеге асырады:

- көшелер, аула және үй маңындағы аумақтардың жарығын орнату;

- Алматы қаласы халқының жайлы өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету және Алматы қаласының коммуналдық инфрақұрылымы жағдайын жақсарту;

- Алматы қаласының аумағындағы көшелік жарықтандыру объектілерін күтіп ұстау;

- Алматы қаласының аумағындағы қоғамдық көліктің аялдама кешендерін жарықтандырудың объектілерін күтіп ұстау және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу;

- Алматы қаласының аумағындағы сыртқы жарықтандырудың электр өткізгіш желілерін күтіп ұстау;

- сыртқы жарықтандыру объектілерін түгендеу бойынша жұмыстарды орындау;

- Алматы қаласының сыртқы жарықтандырылуын автоматтандыру;

- энергия үнемдеуші жаңа технологияларды енгізу.

ШЖҚ «Алматы Қала Жарық» МКК директорының міндетін атқарушы – Қоянбаев Азамат Шыдасбекұлы.

Кәсіпорын орналасқан жері – Рысқұлов даңғылы, 103в.

Қабылдау бөлмесінің телефоны: +7 (727) 225-05-63.

е-mail: almatykalazharyk@mail.ru


 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2019 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-56