^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Жұма, 10 шілде 2020
 
     
 
Қала шаруашылығы / Экология / «Медеу» МӨТП КММ

Алматы қаласы Жасыл экономика басқармасының «Медеу» мемлекеттік өңірлік табиғат паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Парк) биологиялық және ландшафты алуан түрлілікті сақтауға, айрықша экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылықтары бар мемлекеттік табиғи-қорық қоры объектілерін және бірегей табиғи кешендерді табиғатты қорғау, экологиялық ағарту, ғылыми, туристік және рекреациялық мақсаттарда пайдалануға, сондай-ақ мемлекеттік табиғат ескерткіштерін сақтау және қалпына келтіруге арналған табиғатты қорғау және ғылыми мекеме мәртебесіне ие мекеме болып табылады.

Қазақстан Республикасының 07.07.2006 жылғы №175-ІІІ «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 49 бабына сәйкес Мемлекеттiк өңiрлiк табиғи парк мемлекеттiк ұлттық табиғи парк үшiн белгiленген режимi бар, сондай мақсаттарды алға қоятын және сондай мiндеттердi орындайтын, бiрақ табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесiне ие жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жататын мемлекеттiк ұлттық табиғи парктiң нұсқасы болып табылады.

Аталған Заңға сәйкес Парктің негізгі қызметіне мыналар кіреді:

«Медеу» МӨТП Алматы қаласы әкімдігінің 2001 жылғы 10 желтоқсандағы № 3/332 қаулысы негізінде құрылған.

Парктің аумағына Медеу, Шымбұлақ, Бутоковка шатқалдары кіреді және оның көлемі 708,2 га жерді алып жатыр. Парк аумағында функционалдық аймақтар мен кіші аймақтарды бөле отырып, жергілікті табиғи, тарихи-мәдени және әлеуметтік ерекшеліктерді ескере отырып, пайдаланудың, қорғаудың сараланған режимі белгіленеді.

 

«Баум тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші.

Алматы қаласы әкімдігінің 2017 жылғы 20 желтоқсандағы «Алматы қаласы коммуналдық меншігінің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес «Баум тоғайы» мемлекеттік табиғат ескерткіші «Іле Алатауы мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен, соңынан оралымды басқару құқығында «Медеу» МӨТП» КММ-не өткізумен, республикалық меншіктен Алматы қаласының коммуналдық меншігіне қабылданған болатын.

Қазіргі уақыта Алматы қаласы әкімдігінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы №4/452-3460 қаулысына сәйкес «Баум тоғайының» жер учаскесінің тұрақты жерді пайдалану құқығы оны пайдалану және қызмет көрсету үшін «Медеу» паркіне берілген.

Баум тоғайы аумағының жалпы көлемі - 137,7 га.

«Медеу» МӨТП КММ директоры - Бөрібаев Болатбек Құдайбергенұлы

Мекенжайы: Әди Шәріпов көшесі, 90

Тел: +7(727) 2920291

E-mail: kgumedeu@mail.ru

Сайт: www.parkmedeu.kz


 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz