^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сейсенбі, 20 қараша 2018
 
     
 
Қоғам / Қоғамдық тыңдаулар

«Селге тосқауыл құрылғыларының құрылысы үшін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің жерлерін босалқы жерлерге ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесі» жобасы бойынша ашық жиналыстар нысанындағы қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы

1. Өткен күні : 2017 жылғы 20 желтоқсан

2. Өткен орны : Алматы қаласы , Жабаев көшесі , 83, «Терра» ҚЗ және ГАЖО» ЖШС кеңсесі

3. Қоғамдық тыңдауларды ұйымдастырғандар: « Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ және жобаны әзірлеуші «Терра» қашықтықтан зондтау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС

4. Қоғамдық тыңдауларды өткізу туралы ақпарат мыналар арқылы жұршылықтың назарына жеткізілді:

- Газеттерде орналастырылған хабарландырулар :

«Вечерний Алматы» – 2017 жылғы 16 қараша №146

«Алматы а қ шамы» – 2017 жылғы 16 қараша №134

- Интернет-ресурстарда орналастырлыған хабарландырулар :

http://almaty.gov.kz , http://www.gis-terra.kz

- «Селге тосқауыл құрылғыларының құрылысы үшін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің жерлерін босалқы жерлерге ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесі» жобасы 2017 жылдың 16 қарашасынан бастап
28 желтоқсанына дейін Тапсырыс берушінің және Орындаушының сайттарында тұрды.

5. Қатысқандар :

- мемлекеттік органдардың өкілдері

- жергілікті атқарушы органдардың өкілдері

- Алматы қаласының тұрғындары

- жұртшылық өкілдері

Барлығы 15 қатысушы тіркелген.

Қатысушылардың тіркеу тізімі осы Хаттаманың 1 қосымшасында берілген.

 

6. Қоғамдық тыңдаулардың күн тәртібі :

1. «Селге тосқауыл құрылғыларының құрылысы үшін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің жерлерін босалқы жерлерге ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесі» баяндамасы – жобаны әзірлеуші «Терра» ҚЗ және ГАЖО» ЖШС өкілі Т.Р. Утяшева, ғылым және табиғатты қорғауды жобалау бөлімінің бастығы, биология ғылымдарының докторы.

2. Жерлерді ауыстыру ТЭН бойынша сұрақтар, ескертулер мен ұсынымдар .

Негізгі баяндама - 30 минут, сөз сөйлейтіндерге 5 минут тан .

 

7. Қоғамдық тыңдаулардың басы, төраға мен хатшыны таңдау .

Қоғамдық тыңдауларды «Алматы қаласы әкімінің аппараты» КММ өкілі –
К.Ә. Төреқұлова ашты.

Қайырлы күн ! Біз бүгін «Селге тосқауыл құрылғыларының құрылысы үшін Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғат паркінің жерлерін босалқы жерлерге ауыстырудың техникалық-экономикалық негіздемесі» жобасы бойынша қоғамдық тыңдауларды қайта өткізіп отырмыз. 2017 жылдың 14 маусымында қала әкімдігі «Терра» ҚЗ және ГАЖО» ЖШС-мен бірге шарт жасасқан болатын, 20 шілдеде газеттерге хабарландырулар берілді, 8 тамызда қоғамдық тыңдаулар өткізілді. Жоба мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысын алды және әрі қарай келісу рәсімдерінен өте бастады. Алайда Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінде ескерту жасалған болатын, яғни Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы №135-ө «Қоғамдық тыңдауларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына 2017 жылдың 8 қыркүйегінде жұртшылықты бұрынғыдай 20 күнтізбелік күн ішінде емес, 20 күн ішінде хабарландыруға қатысты түзетулер енгізілген. Сондықтан біз қоғамдық тыңдауларды қайта өткізуге мәжбүрміз.

Назарбаевтың 2017 жылғы 18 тамыздағы №3 (3.4 т.) хаттамасында селге тосқауыл бөгеттерінің құрылысын тездету туралы тапсырмасы бар.

Бүгін біз бірінші кезекте қоғамдық тыңдаулардың төрағасын таңдауға тиіспіз. Бостандық ауданы әкімі аппаратының өкілі Асқар Ибрагимұлы Рысқұлбектің кандидатурасын ұсынамын.

Рысқұлбек : мен өткен жолы төраға болдым. Басқа төрағаны таңдауды ұсынамын. Өткен қоғамдық тыңдаулардың хаттамасы күшін жоя ма?

Огарь: жоқ, ол күшін жоймайды. Үкіметтің қаулысына ұсынылатын құжаттар 2017 жылғы қыркүйектің соңынан кешіктірілмей даталануы тиіс екені туралы заңнамаға түзетулер шықты. Бізде ешқандай бұзушылықтар жоқ, біз барлық жұмыстарды тізімге сәйкес жасадық, бірақ қоғамдық тыңдаулар хаттамасының даталары қыркүйектің соңынан кейін болуы тиіс. Жобаның өзінде өзгерістер жоқ, сол бұрынғы баяндама. Тек хаттама ғана бүгінгі күнмен болады.

Жылқыбаев: Алматы қаласы әкімдігінің өкілі ретінде Күләнда Әбілқызы Төреқұлованы төрайым етіп тағайындауды ұсынамын.

Төреқұлова: қоғамдық тыңдаулардың төрайымы ретінде менің кандидатурама дауыс берулеріңізді ұсынамын. Барлығы «қолдады», «қарсы» және дауыс бермегендер жоқ.

Қоғамдық тыңдаулардың хатшысы етіп «Терра» қашықтықтан зондтау және географиялық ақпараттық жүйелер орталығы» ЖШС бас маманы – Татьяна Геннадьевна Кашеварованы таңдауды ұсынамын. Барлығы «Қолдайды ма?» «Қарсылар» жоқ па?

«Терра» ҚЗ және ГАЖО» ЖШС ғылым және табиғатты қорғауды жобалау бөлімінің бастығы – Татьяна Рафаэлевна Утяшева баяндамашы болып табылады.

 

Сөз сөйлегендер :

Баяндамашы - «Терра» ҚЗ және ГАЖО» ЖШС ғылым және табиғатты қорғауды жобалау бөлімінің бастығы . Сөз сөйлеудің мәтіні 2 қосымшада келтірілген.

 

8. Жұртшылық өкілдерінің сұрақтары, ұсыныстары мен ескертулері

Спатарь: жобада аумақта болған далалық зерттеулердің 2007-2015 жылдары өткізілгені көрсетілген. Зерттеулер нақты осы жоба үшін жүргізілді ме екен?

Утяшева: Іле-Алатау МҰТП аумағындағы далалық зерттеулерді біз жыл сайын, тұрақты, оның ішінде 2016 және 2017 жылдары жүргізіп келеміз.

Спатарь: Кіші Алматыға енгізілетін учаскенің шекарасын көруге бола ма? Мен бөгеттің жанынан қызыл кітапқа енген қызғылт семізоттың өсетінін нақты білемін.

Утяшева: осы семізоттың түсі қызғылт екеніне күмәнім бар. Іле-Алатауы үшін оны флористтер әлі тіркемеген. Бұл жақын түрі боуы мүмкін.

Солонов: Мыңжылқы бөгеті – бұрыннан бар нысан, оны қайта жаңғырту қажет, бөгет ұлғаятын болады. Жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Спатарь: егер жұмыстар жүргізіліп жатқан болса, онда қоғамдық тыңдауларды өткізудің қажеті неде? Егер жұмыс жүргізіліп жатса, жерлерді парктен шығарудың неге қажеті бар?

Солонов: бір жобада біз бірнеше нысанды біріктірдік, олардың екеуіне құрылыс жүргізу қажет. Ол үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтан жерлерді шығару керек.

Төреқұлова: Мемлекеттік сараптама бұрыннан бар нысандарды қайта жаңғырту керек болғандықтан, Мыңжылқы және ҮАК-да жұмыстар жүргізуге рұқсат берді.

Огарь: қайта жаңғыртуға рұқсат беріледі, ондағы жұмыстың көлемі құрылыс кезіндегіге қарағанда аз. Селге тосқауыл құрылғыларындағы құрылыс ерекше қорғалатын табиғи аумақтың мәртебесіне сәйкес келмейді.

Спатарь: егер қайта жаңғырту жүргізіліп жатса, жерді ұлттық парктен шығарудың қажеті неде?

Огарь: толық көлемде, тіпті қазірдің өзінде қайта жаңғыртуды жүргізу мүмкін болмай отыр, себебі көлік те, техника да пайдаланылып жатыр. Бұл Іле-Алатауы өзі қызмет көрсете алмайтын тұрақты нысан. Ол үшін оған ресурстар бөлінбейді.

Төреқұлова: Содан кейін бөгеттер Қазселденқорғауға қызмет көрсету үшін беріледі. Спатарь: Учаскенің нақты шекараларын қайдан көруге болады?

Утяшева: Сіз келіп, біздің картадан ірі масштабта қарай аласыз.

Огарь: барлық учаскелердің шекаралары бізде, оларсыз біз жұмысты жүргізе алмас едік. Бұл учакелер селден қорғау бойынша жұмыс жобаларында және біздің жобада да бар. Тек масштабы өте ұсақ, мұнда өте нашар көрінеді. Кейін келіп, көре аласыз.

Спатарь: жерді шығаруға қатысты. Бірнеше жыл бұрын Батарейка өзеніндегі Белдебай шатқалында каскадалар салынған болатын. Осы учаскенің шығарылмағаны бұл құрылысқа кедергі келтірген жоқ.

Перемитин: Онда тұрған гидротехникалық құрылғы емес, ол өзен арнасында тұрған каскадалар.

Төреқұлова: бөгет жоқ, онда төмен құлап кетуі мүмкін тастарды ұстап тұру үшін торды керіп қана қойған.

Жүкенова: бірақ ол жерде де құрылыс жұмыстары жүргізілген, бетон құйылды.

Төреқұлова: өзеннің арнасы ауыстырылған жоқ. Бұл гидротехникалық құрылғы болып есептелмейді. Мемлекеттік сараптама оң қорытындысын берген. Жерлерді шығармай Ақсай және Аюсай өзендерінде бөгеттерді салуға рұқсат берілмейді. Осыған қатысты барлық сұрақтарды бізге емес, ммлекеттік сараптамаға қою керек.

Спатарь: онда неге осы жобада барлық 4 учаске жалпылама айтылып, учаскелердің әрқайсысына жеке жобалар жасалған?

Төреқұлова: жобалардың барлығы әр түрлі, олар 4-еу, ал әзірлеуші біреу.

Огарь: жұмыс жобалары әрбір учаскеге әзірленген, жерге орналастыру жобалары да бөлек әзірленген. Біздің жобада олар да бөлінген.

Утяшева: міне біздің алдымызда техникалық-экономикалық негіздеме жатыр. Әрбір учаске бойынша техникалық-экономикалық негіздемеде жекелеген сипаттамалар бар. Барлығы толығымен сипатталған.

Спатарь: 4 түрлі учаскені сіздер бір учаске деп атайсыз ба?

Утяшева: жоқ, біз ауданы 50,6418 га алып жатқан учаске туралы, жалпы шығарылып жатқан учаске туралы айтып жатырмыз. Бірақ бұл учаске 4 жекелеген учаскеден құралады. Мен мұны бірнеше рет қайталадым.

Спатарь: бірақ қорытындылар ортақ емес пе.

Утяшева: иә, қорытындылар ортақ. Үкіметтің ортақ қаулысы болады, себебі осы учаскелердің мақсаты бір, ол – селге тосқауыл құрылғылары.

Спатарь: сіз жүргізіліп жатқан осы жұмыстардың ерекше қорғалатын табиғи аумаққа жатпайтынын айтып отырсыз. Бірақ соған қарамастан Мыңжылқыда жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Төреқұлова: Мыңжылқы бөгеті 1979 жылдан бері тұр, оны қайта салу керек емес, керісінше қайта жаңғырту қажет.

Спатарь: экологиялық әсер ету тұрғысынан қарайтын болсақ, мұның қайта жаңғырту немесе құрылыс екенінде тұрған айырмашылық жоқ. Сол сияқты Үлкен Алматы да. Мен білетіндей, жұмыстар осы жылы аяқталуы тиіс еді. Яғни олар құзды қиябеткейлерді нығайту үшін жүргізілген. Онда жерлерді шығарудың қажеті неде?

Куанышев: кейін қызмет көрсету үшін.

Спатарь: онда оның не қиындығы бар ?

Куанышев : қандай да бір жөндеу жұмыстарын жүргізу, бұл күрделі нысандар емес пе.

Спатарь: бірақ осыған ұқсас нысандар ұлттық парктің аумағында болғанымен, қызмет көрсетілген жоқ, неге дәл қазір ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесін жоғалтып, оларды ұлттық парктен шығаруымыз керек?

Ж ү кенова: логика бойынша жөндеу жұмыстары қайта жаңғырту жұмыстарынан ерекшеленбейді, ал қайта жаңғыртуды ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізуге болады.

Жыл қы баев: ГЭС-ҮАК жолының учаскелері – қауіпті нысан, бұл республикалық маңызы бар жол, ҮАК-ға көптеген демалушылар барады, ал онда адамдарға қауіп туғызатын ірі тастар құлайды.

Спатарь: біз жұмыстардың өзін жүргізуге қарсы емеспіз. Неге оларды ерекше қорғалатын табиғи аумақта жүргізуге болмайды?

Утяшева: себебі егер мұны ерекше қорғалатын табиғи аумақ жүргізетін болса, онда ол оған жауап береді, ұлттық парк жауап береді. Ол бұл үшін өзінде жоқ ақшаны іздеуі қажет. Ұлттық парктің бұған мемлекеттік бюджеттен де ресурстары жоқ.

Спатарь: ал әкімдіктің бұған ақшасы бар ма?

Төреқұлова: Қарғалыдағы селден кейін Премьер-Министр келді және Ақсай мен Аюсайда бөгеттер салу керек деген тапсырма берді, сондай-ақ Президенттің селге тосқауыл бөгеттерінің құрылысын тездету туралы хаттамалық тапсырмасы бар.

Спатарь: біз бөгет салудың керегі жоқ демейміз, салу керек екенін біз түсінеміз.

Утяшева: бұл объектілер сосын түрлі мекемелерге күтіп-ұстауға беріледі. Егер ұлттық паркте қалдыратын және оларды ұлттық парк күтіп-ұстайтын болса, демек ұлттық паркке бұл үшін қосымша қаржыландыру бөлу қажет. Бірақ бұған ақша тек жергілікті бюджеттен ғана бөлінеді, ал ұлттық парк – бұл мемлекеттік мекеме, бұл республикалық бюджет. Міне осылай айыру – республикалық және жергілікті бюджет – оларды ұлттық паркте қалдыруға мүмкіндік бермейді.

Огарь: бұл айыру ұлттық парктің аумағында жолдар салуға рұқсат бермейді.

Спатарь: бірақ ондай бар ғой.

Утяшева: ия бар, бізде барлық Қазақстан бойынша мұндай проблема бар – жолдар бар ұлттық парктердегі жолдардың барлығы ойық-ойық, себебі жергілікті әкімдік бұған ақша бөлмейді, бөлуге құқығы жоқ.

Спатарь: алайда ҮАӨ-да жолдар жөнделген, және бұған ештеңе кедергі болған жоқ.

Утяшева: ҮАӨ-да жолдың өзі қалаға тиесілі.

Жукенова: ҮАӨ-да жолдың өзі қалаға тиесілі, ал тікелей қауіпті учаскелер соның үстінде орналасқа ба?

Утяшева: ал баурайлар болса – бұл Іле Алатауы МҰТП.

Жукенова: баурайлар жолға қызмет көрсетуге кірмейді ма?

Утяшева: жоқ, кірмейді. Бізде мұндай жағдай жиі орын алады: өзеннің жағасында тұрсаң – бұл бір бөлек, ал жағалау – бұл басқа. Түрлі шаруашылықтар. Және аяғыңның жартысы өзенде тұрып, біреудің аумағында болып, ал аяғыңның екінші жартысы жағада тұрып, басқаның аумағында болады. Шекараны бұзасың. Бірақ бізде заң осылай жұмыс жасайды, жағдай осындай.

Огарь: бұл мәселе жан-жақты пысықталған, және түрлі сарапшылар қараған. Басқа жолы болмағаннан кейін әкімдік осыған баруға мәжбүр болған.

Спатарь: факт бойынша сіз пост-фактум орын алғанын заңдастырып оытрсыз. Себебі екі объект бойынша жұмыстар аяқталып қойды.

Перемитин: біздің бюрократиялық машина міне осындай, осылайша жұмыс жасайды.

Төреқұлова: Мыңжылқы бойынша жұмыстар 2018 жылы да жалғасатын болады.

Спатарь: бірақ ҮАӨ бойынша жұмыстар аяқталды. Жақында БАҚ-та әкім бұл жұмыстарды қабылдап алғаны жарияланды.

Утяшева: әкімдік ЕҚТА-тан жерді ауыстырудың ТЭН әзірлеу жобасына тендер жариялаған кезде осындай жағдай болды. Тендер жарияланды, белгіленген барлық рәсімдерден өттік. Бұған мүлдем қатысы жоқ және мұны қалай жасау керек екенін білмейтін бір ұйым жеңіп алды. Себебі адамдар техникалық ерекшелікті дұрыс оқымаған және өздерінен не талап етіліп отырғанын түсінбеген. Мұны түсінген кезде, олар жобаны орындаудан бас тартты. Екі айдай уақыт өтті. Әкімдік қайтадан тендер жариялады. Бізден басқа ниет білдіргендер жоқ. Тендер өткен жоқ, тағы бір ай өтті. Әкімдікпен шарт жасасуға ғана біздің жарты жыл уақытымыз кетті. Ал бұл уақытта әкімдік объектілердің құрылысына ақша бөледі. Ақша игерілмейді. Міне қарама-қайшылық. Біздің бюрократиялық құрылымдар осылай жұмыс жасайды. Қазір біз ештеңе өзгерте алмаймыз.

Төреқұлова : 8 тамызда тыңдау өтті, бірақ біз ешқандай бұзушылық жасамасақ та қайта өткізу қажет.

Спатарь: 8 тамызда қоғам өкілдері болды ма?

Утяшева: б олды. Хаттама бар, тізім бар.

Огарь: біз мектепте өткіздік, ол кезде бүгінге қарағанда адам көп болды.

Утяшева: газетте хабарландыру болды, әкімдіктің сайтына, біздің сайтқа шығарылды. Келгісі келгендер келді.

Жукенова: Бір мәселені нақтылауға болады ма? Сіздерде Ақсайдағы бөгетте қызметтік үй-жаймен және 7 автокөлікке арналған автотұрақпен қараушыға тұрғын үй, ал Мыңжылқыда – гаражы бар қызметтік ғимарат салынады деп көрсетілген. Бұл неге байланысты? Бұл ұлттық парктің қараушысының үйі болады ма? Бұл қандай қызметтік үй-жай?

Жылқыбаев: бұл Қазселденқорғаудың қараушысының үйі болады. Қыста Мыңжылқыда қар көп түседі, адамдардың онда болуын және қажетті техниканың жұмысын жеңілдету үшін гаражы бар қызметтік ғимарат салу туралы шешім қабылданды.

Жукенова: Қоршаған ортаға әсері жайында: пайдалану кезеңінде атмосфералық ауаға шығатын зиянды заттардың шығуы қызметтік үй-жайдың, көмір қоймасының және шлакты тиеу және сақтау бекетінің құбыры бар пешінен шығады. Неліктен көмірді пайдалану жоспарланған? Жанында ұлттық парктің аумағы орналасқан, бұл шығындылар оған әсер ететін болады.

Утяшева: біріншіден, онда бар жоғы бір шағын пеш болады, одан көп мөлшерде шығындылар шықпайды. Екіншіден, қазіргі уақытта барлық факторларды ескере отырып, бұл ең ақылға қонымды шешім.

Перемитин: Онда электр қуаты жоқ, газ да жоқ. Оның үстіне, газды пайдалану өте қауіпті. Үйлер жарылса, бөгетті де бүлдіруі мүмкін.

Спатарь: ал Сіз Кіші Алматы бөгеті арқылы газ құбырын жүргізу жоспарланып жатқанын білесіз бе?

Перемитин: шын мәнісінде бұл өте қауіпті. Сіздер қазір Еуропада газ тарату станциясы жанып жатқанын білесіздер ме? Сондықтан ең тиімді жолы – бұл көмір. Оны жылына бір рет әкеледі, оған ештеңе болмайды, жай жата береді.

Спатарь: сонда барлық бұл жұмыс болашақта аталған объектіні қаланың бюджеті қаржыландыруы үшін жүргізілген бе?

Огарь: оны қаржыландыру және жұмыс жағдайында ұстау, оған қызмет көрсету.

Спатарь: Қазселденқорғау бізде қалаға қатысты ма?

Төреқұлова: ол ТЖМ қарасты. Бірақ мұнда филиалы – Алматы қалалық пайдалану басқармасы бар.

Спатарь: сіздер іске асырылу басталып кеткен жобаны талқылау постфактум екенімен келісесіздер ғой, бұл Орхусск конвенциясына қайшы келеді және оны бұзушылық болып табылады. Бұл ескертуді хаттамаға енгізуді сұраймыз.

Огарь: неліктен бұл Орхусск конвенциясын бұзу болып табылады?

Спатарь: себебі Орхусск конвенциясы жобаны іске асыру басталғанға дейін ерте кезеңінде жұртшылықпен талқылауды көздейді. Іс жүзінде жобалар басталып кеткен. Сіз төртеуін қамтитын бір жобаны жасап жатсыздар және олардың екеуі іске асырылуда. Біреуі іс жүзінде аяқталды, екіншісі жүріп жатыр.

Төреқұлова: жұмыстар басталғанға дейін біз 8 тамызда қоғамдық тыңдау өткізгенбіз.

Спатарь: Үлкен Алматы және Мыңжылқы бойынша құрылыс жұмыстары тамыз айының басында басталған жоқ, олар одан ертерек, жаздың басында баталды. Мен тауға әр апта сайын шығамын, онда жұмыс бұрыннан бері жүргізіліп жатыр. Негізінен сіздер бұл жобалардың мәселелерін қоғаммен жұмыстар жүргізіліп жатқанда талқылайсыздар. Осыны хаттамаға енгізуіңізді сұраймын.

Төреқұлова: Біз шартты сізге сосын көрсетеміз, бірақ жұмыстар тамызда басталды.

Спатарь: біз тауға барамыз, бізде суреттер бар, жер ауыстырылғанға дейін жұмыстар басталғанына дәлелдеріміз бар. Яғни біз постфактуды талқылап отырмыз. Біз қоғамдық тыңдаулар хаттамасы ұсынымдық сипатта екенін және біздің пікіріміз негізінен ескерілмейтінін түсінеміз, бірақ оны хаттамаға енгізуді сұраймыз.

Утяшева: енгіземіз, міндетті түрде енгіземіз.

Төреқұлова: біз туристік база салып жатқан жоқпыз, қала тұрғындарын қорғап жатқанымызды да ескеру қажет.

Спатарь: өте жақсы айтылған ескерту, сондықтан жұртшылықтың үлкен күмәні бар, өйткені ЕҚТА-дан шығарылатын жер кейін қалай болса солай пайдаланылуы мүмкін.

Утяшева: Яғни Мыңжылқы бөгетінде өзіне саяжай салып алуы мүмкін бе?

Спатарь: Дәл сондықтан мен бұл бөгеттің айналасындағы тікелей учаске қандай екенін түсінуге талпынып отырмын. Сіз бөгетке тығыз орналасқан учаскені шығармайсыз. Онда жолдар бар, құрылыс салуға болатын тегіс учаскелер бар. Онда қыдырып жүрген адамдардың пікірінше, онда қонақүйлер немесе қандай да бір туристік объектілер салынады деген пікірлер бар.

Огарь: бірақ оны жасау мүмкін емес қой. Бұл стратегиялық объектілер.

Утяшева: бірақ оларды ол жаққа кім жібереді: бұл дегеніміз стратегиялық объект. Тіпті палаткамен де жібермейді.

Спатарь: мен палаткамен тұрдым.

Утяшева: бірақ бұл қазір, сосын бөгет іске қосылғаннан кейін онда палаткалар болмайды.

Спатарь: мәселе мұнда емес, онда қандай нақты учаске шығарлады? Өзен арнасынан, бөгеттің негізгі бөлігінен қанша мерт болады? Сіздер ЕҚТА мәртебесінен шығарасыздар, сіздер қорғанысын алып тастайсыздар, біз осы жайлы айтып отырмыз. Қала билігі сосын онда қалауынша әрекет ететін болады.

Михайленко: Сіз неліктен шектеулер толығымен алынады деп отырсыз? Бұл жерлер ұлттық парктің қорғау аймағында болады.

Спатарь: егер білгіңіз келсе, қала аумағында Іле Алатауы ұлттық табиғат паркінің қорғау аймағы туралы қаулы әлі күнге дейін қабылданған жоқ.

Утяшева: білеміз Біз қазір Іле Алауы ұлттық паркінің қорғау аймағын белгілеу бойынша жоба әзірлеп жатырмыз.

Спатарь: мұны 10 жыл бұрын жасау керек еді.

Огарь: солай болуы керек еді, бірақ ол бізге байланысты емес.

Спатарь: Яғни біз бұл аумақты толығымен қорғамайтындығы жайлы айтып отырмыз. Қазір онда көліктер жүріп жатыр.

Утяшева: ия, бұл жағынан біз Сізбен толық келісеміз, қорғалмайды. Бірақ қорғау аймағына машиналардың өтуіне тыйым салынған.

Жылқыбаев: жерлерді ауыстыру туристік объектілердің құрылысы үшін емес, селге тосқауыл бөгеттерінің құрылысы үшін қарастырылып отыр, сондықтан екі объектіні салу мүмкін емес.

Спатарь: мұны да хаттамаға енгізуіңізді өтінемін. Егер қандай да бір бұзушылықтар басталса, онда, прокуратура ештеңеге қарамастан, бізде «ЕҚТА туралы» заң және т.б. бар, 2007 жылы ұлттық парктің аумағында 1780 бұзушылықты анықтағанын білесіздер. Президент тапсырма берген кезде мықты прокурорлық тексеру болды. Сондықтан тіпті «ЕҚТ туралы» және ЕҚТА қорғау аймағы туралы заң ұлттық парктің аумағында бәрібір заң бұзушылықтардың орын алуынан қорғамайды. Содан кейін оған сіздер жауап бермейтіндеріңіз түсінікті.

Утяшева: Түптеп келгенде әрқайсымызда өзіміздің жасағанымыз үшін жеке жауапкершілігіміз бар.

Спатарь: Конституция бойынша жұртшылық қоршаған ортаны қорғау бойынша жұмыстар жүргізуге құқылы, дұрысын айтқанда міндетті. Сондықтан біз осындамыз, осы және басқа қоғамдық тыңдаулардамыз.

Жукенова: әркімнің жауапкершілігі бойынша шағын түсініктеме – 2014 жылы Көкжайлаудың үлкен учаскесі шығарылды. Және осы ТЭН сіз жаздыңыз.

Спатарь: 8 миллиард жұмсалды, 2,6 миллиард босқа жұмсалғанын әкімдік мойындады. Және мұны қазір әкімдік ресми түрде растады. Қазір жаңа ТЭН-ге ақша бөлінген.

Жукенова: сіз сонда ОВОС жайлы жаздыңыз, егер бұл жауапкершілік жайында айтылатын болса.

Утяшева: бізде ОВОС болған жоқ, бізде ОВОС алдындағы болды, бұл екеуі екі бөлек.

Огарь: шешімді біз қабылдамаймыз, ал қабылдайтындар жауапты болады. Мұның барлығы, барлық перспективалар 2006 жылдан бастап мемлекеттік бағдарламаларда көрсетілді.

Утяшева: менде ұсыныс бар – қазір Көкжайлау және басқасын қозғамаймыз. Бізде қазір селге тосқауыл болатын құрылыстар. Әйтпесе біз қазір белгісіз жаққа кетіп қаламыз.

Спатарь: тағы бір сұрақ – егер 3000 м биіктікте өспейтін болса Мыңжылқы бөгетіне отырғызудың не мәнісі бар?

Өтешова : олар табиғи жағдайларда өспейді. Осылар арнайы контейнерлерде отырғызылатын болады ма.

Огарь: олар ол жерде өсе алады, тек тиісті күтім қажет. Олар осындай биік болмайды. Шыршалар 5000 м өсе алады, олар тек биік болмайды. Стланик тәрізді үлгідегі шыршалар бар ғой, олар жоғары өседі.

Жүкенова: әлеуметтік-экономикалық жағдайды жақсарту бойынша тағы бір мәселе бар, жұмыс орындарын құру. Құрылыс жұмыстарының мердігерлері қалай жүзеге асырылады?

Спатарь: біздің ақпарат бойынша Үлкен Алматы нысаныда Қазақстан Республикасының азаматтары жұмыс жасамайды.

Төреқұлова : онда біздің алматылық компания жұмыс жасайды.

Спатарь: фирма мүмкін алматылық болар, алайда өзбектер жұмыс жасайды, олар орысша сөйлемек түгілі, қазақша да сөйлей алмайды.

Төреқұлова: ол жақта мүмкін өзбектер бар шығар, алайда онда канаттарда ілініп тұратын орыстар, альпинистер көбірек.

Рысқұлбек: мамандандырылған еңбек, өзбектер онда бармайды.

Төреқұлова: мүмкін тіреуіштерді өзбектер салып жатқан болар, ал биіктегі альпинистер орыстар. Қазақстандық фирма ұтты.

Спатарь: тағы түсініксіз – неліктен әкімдік жұмысқа тендер өткізді, егер сіз айтқандай аумақ қалаға тиесілі болмаса? Қандай негізде әкімдік бұны қаржыландыруда, егре де жер ұлттық саябаққа тиесілі болса.

Жылқыбаев: қалаға қауіп.

Өтешова: ұлттық саябақта бұған ақша жоқ. ақша болғанда ұлттық саябақ жариялаушы еді. Бірақ ақша жоқ.

Жүкенова: әкімдік ТЭН-ге ақша бөле алады, алайда ұлттық саябаққа осы нысандарға қызмет көрсету үшін ақша бөле алмайды.

Жылқыбаев: әкімдік қаланы қауіпті құбылыстардан қорғау үшін бөледі.

Спатарь: дәл солай әрі қарай бөле беруге болады .

Жылқыбаев: Дәл солай болмайды. Ақсай шатқалындағы бөгет тек қаланың аумағын ғана емес, сондай-ақ Қарасай ауданының аумағын да қорғайды.

Төреқұлова: мамандар қызмет көрсетуі тиіс. Әкімдік өзі бөгетті сала алмайды және қызмет көрсете алмайды. Бөгет Қазселденқорғауға беріледі, ол оны күтіп ұстайтын болады.

Огарь: Қазселденқорғау өкілдері келді, оларға осы учаскелерде селденқорғау объектілерінің орнына не жанынан саяжайлар немесе басқалар, салыну мүмкіндігі туралы сұрақты қайталай аласыз ба.

Аятов: жоқ . Бөгет пионер лагерьден жоғары болады. Мыңжылқыда ештеңе жоқ.

Спатарь: бізге учаскенің шекараларын нақты көрсеткен жоқ. Мыңжылқыда жұмыс бар күшімен жүргізілуде. Енді біз бұны постфактум талқылап отырмыз. Бұл заңның бұзушылығы. Себебі бізде Үкімет қаулы қабылдамай жұмыс бастауға құқығымыз болған жоқ.

Аятов: Мыңжылқыда құрылыс емес қайта жаңғырту жүргізілуде.

Спатарь: алайда бұл ұлттық саябақ аумағында жүріп жатыр ғой.

Аятов: Иә, дұрыс. Бұл бөгет Қазселденқорғау теңгерімінде тұр.

Спатарь: онда неліктен жерлерді ЕҚТА-дан шығару қажет.

Аятов: себебі Мыңжылқы бөгетіне қазір мемлекеттік акті жоқ немесе ол жоғалған.

Спатарь: Бұл бөгет Қазселденқорғау теңгерімінде тұр , онда неліктен оны ЕҚТА-дан шығаруымыз қажет ?

Михайленко: ол ажлпы ЕҚТА нысаналы мақсатына сай емес . Жер заңнамасында басында ұлттық саябақ аумағында тұрған ауылдарды, электрберу желілерді ЕҚТА-дан шығара бастауға жол беретін түзетулер бар.

Спатарь: Іле-Алатау аумағында 180-дей өзге жер пайдаланушылары болды. Қазселденқорғауда да осындай учаскелер бар.

Өтешова: Сіз айтып отырған учаскелер Іле-Алатау алаңына кірмейді, олар шекарада, бірақ алаңға кірмейді. Ал Мыңжылқы бөгеті алаңға кіреді. Оған құжаттар жоқ. және осындай объектілер Іле-Алатау аумағында өте көп.

Спатарь: қалай ол Қазселденқорғау ведомствосында бола алады және Іле-Алатау паркіне кіре алады?

Тұрлыбаев: бұл даулы, ұзақ жылғы мәселе.

Михайленко: сондықтан қазір баяндама жасалуда

Тұрлыбаев: бұл бөгеттің пайдаланылуына міне 20 жыл.

Спатарь: және осы кезеңдерде оның ұлттық парк аумағында болғаны кедергі жасамады ғой?

Михайленко: заңдар өзгеруде. Бір ретпен мыңдаған объектілерді шығаруға болмайды ғой. Қазір ауылдар, электрберу желілері, инженерлік-техникалық, гидротехникалық құрылғылар шығарылуда. Олар көптеген жылдар бұрын салынған болатын. Олардың көбісі ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың құрылуына дейін болған. Бөгет болған, ұлттық саябақ ұйымдастырылды. Енді бұлардың барлығы жәлап шығарылуда. Ол саябақта бола алмайды, себебі нысаналы мақсаты сәйкес келмейді.

Тұрлыбаев: қазір бұлардың барлығы сәйкес келтірілуде.

Спатарь: бөгет онсызда ұлттық саябақ аумағына кірмейді.

Өтешова: кіреді. Әйтпесе оны қазір шығармаушы еді.

Михайленко : осы үшін жерді шығарудың ТЭН жобасы жасалуда.

Спатарь: онда түсініксіз, қалайша ол Қазселденқорғауға жатуы мүмкін.

Өтешова: себебі, саябақ қызметкерлерінің оған қызмет көрсетуге құқығы жоқ.

Спатарь: бірақ бұл Қазселденқорғауға қызмет көрсетуге кедергі болды ғой.

Огарь: қызмет көрсету бір іс, басқасы – қайта жаңғырту.

Жүкенова : бұған дейін біз объектінің ұлттық саябақта орналасқандығына қарамастан қайта жаңғыртуға рұқсат етілетінін естігенбіз. Қазір осы бөгетке қайта жаңғырту жүргізілуде. Қазселденқорғау қазір осы бөгетке қызмет көрсетумен айналысуда. Алайда оның ұлттық саябақ мәртебесі бар.

Огарь: осы іс-шараға ұлттық саябаққа мемлекет ақшасы бөлінбейтіндігі мың мәрте түсіндірілді. Сондықтан көп жылдар бойы, құрылғанына 20 жыл өткен соң ұлттық саябақта ешқандай іс-шара болған жоқ. барлығы ескі. Апат қаупі бар. Сол себепті осындай шешім қабылданды.

Жүкенова: Ұлттық саябақ бюджеті Қазселденқорғау бюджетінен айырмашылығы бар ма?

Огарь: әрине.

Жүкенова: Қазселденқорғау осы бөгетке қызмет көрсете ме?

Аятов: себебі ол Қазселденқорғау теңгерімінде

Өтешова: ал жері – Іле-Алатауда, және бір біріне сәйкес келуі үшін шығару қажет.

Жүкенова: егер бұл соңғы 15 жыл бойы осындай болса, бұны осылай қалдыра беруге не кедергі?

Перемитин: бұл солай болар еді, бірақ заңды емес. Ал енді барлығын біріктіру қажет. Ол кезде Кеңес Одағы болды.

Спатарь: неге әкімдік мемлекеттік саябақтан жерді аударудың ТЭН әзірлеуге ақша бөледі?

Перемитин: расында, мөрі бар қағаз алу үшін .

Спатарь: сіз әкімдік өзіне тиесілі емес жерге ақша бөле алмайды дейсіз, алайда ол ТЭН-ге қаражат бөледі .

Өтешова: құрылғыға, жерге емес . Бұл әртүрлі.

Огарь: ТЭН-ге әкімдіктің бөлуге құқығы бар.

Спатарь: неліктен ол басқа ТЭН-ге бөле алмайды – ТЭН қайта жаңғыртуға.

Аятов: әкімдік ТЭН әзірлеуге ақша бөледі.

Огарь: әкімдік жұмыс жоспарын әзірлеуге қаражат бөлуге құқылы. Бірақ аумақ Іле-Алатау саябаққа тиесілі. Ұлттық саябақ аумағында осы екі объектіні салуға болмайды.

Жүкенова: ең басында бұл жерді не үшін шығару керектігі туралы дәлелді естідік. Қызмет көрсету мүмкін болу үшін.

Перемитин: салу, қызмет көрсету және қайта жаңғырту.

Жүкенова: осы 4 учаскеден қайта жаңғырту Мыңжылқыда және ҮАК-те жүргізіліп отыр.

Аянов: жоқ, қайта жаңғырту тек Мыңжылқыда жүргізілуде. Қалған үш объекті – жаңа құрылыс.

Төреқұлова: ҮАК мемлекеттік сараптаманы берді, себебі бұл қолданыстағы жол.

Спатарь: сіз Іле-Алатау саябағы қызметкерлерін шақырдыңыз ба?

Огарь: біз бұрынғы қоғамдық тыңдауларды олармен жүргізбедік.

Өтешова: Біз олармен тұрақты ынтымақтастықтамыз.

Тұрлыбаев: тағы да шешімнің жоғарыда қабылданғанын ескеру керек. Шешім халықтың, адамдардың өмірін және өмірлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қабылданды. Алматы – өте селге қауіпті қала. Сондықтан Президенттің және Премьер-Министрдің тапсырмасы бар.

Спатарь: біз құрылыс пен нығайтуға қарсы шығып отырғанымыз жоқ. Алайда іс жүзінде мен Аюсайда бөгеттің қажеттілігіне ешқандай негіздеме көрген жоқпын. Онда бірнеше километрде қаланы қорғайтын үлкен бөгет бар.

Перемитин: ол үлкен сияқты ғана, негізінде ол үлкен емес және Алматыны селден құтқара алмайды. Қазір тәсілдер өзгеруде. Бірнеше үлкен апаттар орын алғаннан кейін құрылғылар классы өзгеруде. Құрылғылар классы әрдайым үлкен назарды талап етеді. Егер ол сәйкес келмесе классты арттыру үшін амал жасау керек. Сондықтан осы су қоймасының сыйымдылығын арттыруға, биік етіп салуға болады. Мынаны енді өсіре алмайды.

Спатарь: ал сыйымдылық ненің есебінен ұлғаяды?

Перемитин: басқа бөгетті салу есебінен, жоғарырақ. Сонда каскад екі тостақтан болады. Біреуі Проходнойдан, басқасы – Үлкен Алматыдан қорғайды.

Жүкенова: осы жобамен танысып шықсам болады ма?

Перемитин: жоқ, жоба әлі әзірленбеді. Әзірше негіздемелер жоқ. негіздеме болғаннан кейін жоба да болады. Жер болған кезде. Аюсай бөгеті үшін ТЭН 2006-2007 жылдары әзірленген болатын, ал 2016 жылы жобаның өзі әзірлене бастады. Енді жерді осыған беру керек.

Жүкенова: қолданыстағы үлкен бөгеттің қаланы қорғауға қабілеттігі жоқ туралы қорытындыны алуға болады ма?

Перемитин: иә, Қазселденқорғаудан алуға болады . Ол бұрында салынған, пайдаланылып жатқанына көп мерзім болды, ол лайланған.

Жылқыбаев: салу керек екендігіне барлығы келіседі ме?

Спатарь: бұнымен манипуляцияламайық, әңгіме жерді шығару жобасы туралы жүруде.

Огарь: алайда жерді шығару – оңай емес, жерді шығару тек үш жағдайда ғана мүмкін.

Спатарь: біз жерді шығару міндетті емес деп санаймыз.

Огарь: бұны заңнамаға сәйкес жасау мүмкін емес. Егер мүмкін болған да бұрында салатын еді. Олар бір жылды жоғалтты.

Михайленко: гидротехникалық құрылғылар ЕҚТА жерлерінде заңнама бойынша салына алмайды.

Жүкенова: бізде ЕҚТА бойынша заңнама өте оңай өзгереді.

Огарь: ЕҚТА бойынша заңнама оңай өзгермейді. Соншама жылдар бойы осы жылы айтарлықтай өзгерістер енгізілді. Және олардың барлығы жақсы жағына қарай.

Михайленко: гидротехникалық құрылғы ұлттық парктің жерінде болмауы тиіс. Оның жерлерінің тиісті санаты болуы қажет.

Тұрлыбаев:ұлттық паркте тек қана шектеулі шаруашылық қызметті жүргізу қарастырылған.

Спатарь: әрине,егер аймақтарға бөлуді өзгертсе. Бұл өте оңай. Нақты нысанның аймақтарға бөлінуінің қалай өзгергенін көріп жүрміз.

Тұрлыбаев: мұның барлығы заңнама шеңберінде.

Огарь:нақты нысанның аймақтарға бөлінуі өзгертілмейді. Тұтас қалаға қажет болса ғана, жағдайдан шығатын басқа жол болмаса, өзгертіледі.

Спатарь: атауын өзгерткенмен, экожүйенің экологиялық маңызы өзгермейді.

Жүкенова: сіздердің өздеріңіз «Қызыл Кітапқа» енген жануарлардың аумаққа кіруі мүмкін деп осы құжатта жазып отырсыздыр.

Огарь:иә, олар ондажем жеп, көшіп жүреді. Олар Іле Алатау паркінің бүкіл аумағында жүреді. Оларды учаскеде өлтіреді және олар зардап шегеді деп негізсіз айтпау қажет. Жануарлар құрылыс жүргізілетін орындарға өздігінен бармайды. Бұл да белгілі жайт.

Спатарь: бірақ олар өздерінің табиғи тіршілік ететін орындарын тастап кетеді ғой, жоғарғы жаққа немесе төменгі жаққа кетеді.

Огарь:иә, олар басқа орынға кетеді, бірақ олар сол жерге бейімделеді. Егер осылай пайымдасақ, тіпті ешқандай құрылыс жүргізуге болмайды.

Тұрлыбаев: жануарларға немесе қалаға қауіп төнеді.

Жүкенова: біздің ұстанымымыз мынадай: біз селден қорғау құрылғыларының салынуына қарсы емеспіз. Біз ұлттық парктен жер бөлініп берілуіне қарсымыз.

Төреқұлова: бізол кездеоларды сала алмаймыз.

Огарь: түсініңіз, бұл құрылғылардың стратегиялық маңызы бар. Олардың жерлерінің де стратегиялық нысан ретінде өз мәртебесі болуы тиіс. Сондықтан бөлінеді. Бұрын селден қорғау құрылғыларының салынуы үшін ақша болмады. Енді оны ойластырғанымызда осындай жағдай қалыптасып отыр.

Жүкенова: Белдебай шатқалындағы гидротехникалық құрылғының өзінің маңызы жағынан стратегиялық сипаты бар ма? Онда құрылыс жұмыстары жүргізілді, ол ұлттық парктің шегінде орналасқан және бұл үшін жерді бөлудің қажеті болмады.

Тұрлыбаев: селден қорғау құрылғылары сыныптарға бөлінеді. Осы бөгет жоғары сыныпқа жатады, жерді бөлу қажет.

Жүкенова: Аюсай да жоғары сыныпқа жата ма?

Тұрлыбаев: әрине.

Төреқұлова : қазір бәрі де заңды жолмен ресімдеуді қалайды, пісіп-жетілді. Жерді бөлу, бөгет салу, селден қорғау құрылғыларын пайдалануға беру қажет.

Жылқыбаев: хаттамаға олардың жерді бөлуге қарсы екенін, бірақ құрылыстың жүргізілуін қолдайтынын енгізу қажет. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда осындай құрылғыларды салуға заң бойынша тыйым салынған. Әуелі оған жер бөлу қажет. Сіздер өз пікірлеріңізді хаттамаға енгізе аласыздар.

Огарь: оны хаттамаға енгіземіз.

Жылқыбаев: әзірлеуші осылай жасауға болмайтынын түсіндіріп, тиісті құжат ұсыныңыз.

Өтешева: хаттамаға енгізетін ұсыныстарыңыз бен ескертулеріңіз бар ма?

Спатарь: хаттамаға енгізу үшін қанша уақыт бар?

Өтешева: 7 жұмыс күні.

Төреқұлова: 7 жұмыс күні көп, одан ертерек хаттамаға енгізу қажет.

Жүкенова: рәсім бойыншақанша?

Өтешева: 7 жұмыс күні. Ережеде 7 жұмыс күнінен кешіктірмей, хаттамаға енгізу қажет деп жазылған. Одан ертерек хаттамаға енгізуге болады.

Жүкенова: біз одан ертерек жасай алмаймыз. Бұл келесі бейсенбіге дейін.

Төреқұлова : қоғамдық тыңдау аяқталды.

 

9. Талқылаудың қорытындысы бойынша негізгі тұжырымдар:

Тыңдау кезінде, негізінен, селден қорғау құрылғыларын салу, қайта жаңғырту және оның жұмыс істеуі үшін Іле Алатау МҰТП-нен жерлерді бөлу қажеттігіне қатысты сұрақтар қойылды. Аюсайда бөгет салу қажеттігінің, жерлерді бөлу бойынша заңнама рәсімдерінің бұзылуының, Орхус конвенциясының бұзылуының мәселелері талқыланды.

Алматы қаласының жұртшылығының өкілдері және тұрғындары ерекше пікірлерін айтты:

1) Осы қоғамдық тыңдауды өткізу Орхус конвенциясын бұзу болып табылады, себебі қоғамдық тыңдау жобаны іске асыру басталардан бұрын емес, жұмыстар басталған соң өткізіліп отыр.

2) Селден қорғау құрылғыларын салу үшін Іле Алатау МҰТП-нің жерлерін босалқы жерлерге ауыстырудың қажеттігі жоқ.

Алматы қаласы әкімдігінің, «ЦДЗ» ЖШС, «Терра» ГИС-тің өкілдері осы қоғамдық тыңдауды өткізу Орхус конвенциясын бұзу болып табылмайды деп есептейді, себебі ҚР-ның кейбір заңнамалық актілеріндегі өзгерістерге байланысты ағымдағы қоғамдық тыңдау қайтадан өткізілуде. Алғашқы қоғамдық тыңдау 8 тамызда сол кезеңдегі қолданыстағы Қоғамдық тыңдаулар өткізу қағидаларына сәйкес өткізілді (Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2007 жылғы 7 мамырдағы № 135-п бұйрығы).

Жобаның тапсырыс берушісі және оны әзірлеуші Іле Алатау МҰТП-нің жерлерін босалқы жерлерге ауыстыру селден қорғау құрылғыларын салу, селден қорғау құрылғыларының мәртебесін ретке келтіру, олардың нысаналы мақсатының қолданыстағы қаржы, жер заңнамасына және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнаманың талаптарына сәйкес келуі, сондай-ақ Алматы қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін селден қорғау құрылғыларын салуды, қайта жаңғыртуды және одан әрі жұмыс істеуін қаржыландыру үшін қажет деп есептейді.

 

Жоба бойынша ескертулер мен ұсыныстарды жинау жеті жұмыс күні ішінде жазбаша түрде және электрондық нұсқада Алматы қаласы әкімдігінің, «ЦДЗ» ЖШС-нің, «Терра» ГИС-тің, Алматы қаласы әкімдігінің сайтарына оларды жолдау арқылы жүзеге асырылады.

Осы хаттамаға қосымшалар:

1 қосымша – Қатысушылардың тіркелу тізімі.

2 қосымша - «Терра» ЦДЗ және ГИС» ЖШС ғылым және табиғатты қорғауды жобалау бөлімінің бастығы Т.Р. Өтешеваның сөзінің мәтіні.


 
     
   
 
   
Қазпошта сервиздері
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2018 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Алматы қаласы әкімі Баспасөз қызметінің телефоны : +7 (727) 271-65-13