^ жоғары
 
Негiзгi бет А А А
Арнайы нұсқа
Қаз Рус Eng   
 
     
 

 
 
Сәрсенбі, 5 тамыз 2020
 
     
 
Қоғам / Сайлау
Республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарына арналған ақпараттық хабарлама

2020 жылғы 12 тамызға Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты депутаттарының кезекті сайлауын тағайындауға байланысты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы келесіні абарлайды:

 

1) "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 3-тармағының талаптарына сәйкес эфирді және баспа алаңын төлеудің мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін бес күннен кешіктірмей (2020 жылғы 18 шілдеден кешіктірмей) тиісті бұқаралық ақпарат құралдары хабарлауы және жариялауы, сондай-ақ Орталық сайлау комиссиясына мына мекен-жай бойынша ұсынуы тиіс: Нұр-сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі 4, электрондық мекен-жайы: v.zheksembekova@election.gov.kz, a.khusainova@election.gov.kz.

2) Бұқаралық ақпарат құралдары ақы төлеу мөлшері, эфирді және баспа алаңын беру шарттары мен тәртібі туралы мәліметтер жарияланғанға дейін кандидаттардың үгіт материалдарын орналастыру, тарату үшін эфир уақытын, баспа алаңын бере алмайды.

3) Сайлау алдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады, яғни 2020 жылғы 23 шілдеде сағат 18-де басталады және 2020 жылғы 11 тамызда жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

 

Баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы

Орталық сайлау комиссиясы

тел. 75-21-03, 75-23-69

a.khusainova@election.gov.kz

v.zheksembekova@election.gov.kz

https://t.me/electionelection

 
     
   
 
   
 
 
 
 
 
 
Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
© 2005-2020 Осы сайта жарияланған барлық материалдардың құқығы Алматы қаласының Әкімідігіне тиесілі.
Email: akimat@almaty.kz